Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет239/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

251 


шайқасы» аталған 751 жылғы атақты «араб-қытай соғысы» болды. Осы жерде 

Аббасид  араб  әскерлері  түрктердің  қолдауымен  қытайдың  Таң  патшалығы 

әскерін толығымен талқандаған еді. Талас шайқасынан кейін қытайдың Орталық 

Азиядағы саяси-әскери ықпалы әлсіреп, толық тоқтатылды. Осы оқиғадан кейін 

Орталық Азияда ислам дінінің таралуына кең жол ашылды. Əуелде ислам дінін 

Хорасан, Мауренаһр және Жетісудағы түрк тайпалары қабылдаса, кейін Хазар 

және  Еділ-Бұлғар  хандықтары  аумағында  өмір  сүрген  түрктердің  арасында 

кеңінен жайыла бастады. 

Осындай тарихи оқиғалардан кейін моңғол дәуірінде Талас өзені бойында 

Шағатай,  Өгедей  әулетінің  ханзада,  нояндары  жиналып  Орталық  Азиядағы 

алғашқы ірі құрылтайын өткізеді. Бұл тарихта 1269 жылғы Талас құрылтайы 

деп аталады. Аталмыш құрылтайды Қайдұ өзі тікелей басқарды, Ұлық ұлыстан 

(Алтын Ордадан) Меңгү-темір хан және басқа билеушілер қатысты. Құрылтайда 

Шыңғыс қағанның «Яса» заңы, оның әулетінің саяси ұстанымдары мен байырғы 

түрктік дәстүрлердің сақталуы үшін көшпелілер мүддесін қорғаған аса маңызды 

шешімдер қабылданды. 

Бұл жайында «Жамиғ ат-тауарихта» былай деп жазылған: «Хижраның 667 

(1269  жылы)  жылы  көктемінде  ханзадалардың  барлығы  Талас  пен  Кенжектің 

жайлауында  жиналып,  бір  апта  тойлатқан  соң,  сегізінші  күні  кеңес  құрылтай 

жасады. Алдымен Қайдұ сөйледі: 

– Біздің даңқты атамыз Шыңғыс қаған әлемді парасаттылығымен, ақылмен 

және  қылыштың  күшімен  басып  алып,  тәртіпке  келтірді,  осылайша  толық 

дайындап  өз  әулетіне  тапсырды.  Міне,  біздің  бәріміз  әкелер  жағынан  бір-

бірімізге  туысқанбыз.  Өзге  ханзадалар  болса,  біздің  аға-інілеріміз,  олардың 

ортасында келіспеушіліктер мен алауыздық жоқ. Не үшін келіспеушіліктер мен 

алауыздықтар біздің де ортамызда болуы керек?! – деді. 

–  Барақ:  Иә,  жағдай  осындай.  Алайда  мен  де  сол  ағаштың  жемісімін  ғой. 

Менің де иелігіме халық пен өмір сүруге дүние бөлінуі керек қой. Шағатай мен 

Өгедей Шыңғыс қағанның ұлдары еді. Өгедей қағанның мұрагері ретінде Қайдұ, 

ал Шағатайдан (ұрпақ) мен, ал олардың үлкен ағасы болған Жошыдан (ұрпақ) 

Беркечар мен Меңгү-темір. Кенже іні Тұлыйдан (ұрпақ) Құбылай қаған болып 

қалды. Қазір ол олардың кеңдігін Ұлы Тәңірі ғана білетін Қытай мен Хотанның 

шығыс  елдерін  басып  алды.  Батыс  елдерін  Əмудариядан  Шам  (Сирия)  мен 

Мысырға дейін әкесінің үлесі ретінде Абақа хан мен оның бауырлары иемденіп 

алды. Ал ол екі ұлыстардың ортасында сендердің иеліктерің болған Түркістан 

мен Дешті Қыпшақ аймақтары жатыр. Сендер маған бірігіп қарсы шықтыңдар. 

Мен қанша ойлансам да, өзімді айыптымын деп есептемеймін, – деді. 

- Олар: Шындық сенің жағыңда. Шешім мынадай: бұдан былай өткенді еске 

алмайық,  жайлау  мен  қыстауларды  әділетті  түрде  бөліп  алып,  таулар  мен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет