Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет240/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

252 


жазықты жерлерге қоныстанайық, себебі бұл аймақтар қатты ойрандалған, әрі 

өңделмеген деді»

468

.

Сөйтіп,  Талас  құрылтайының  шешімімен  Барақ  басқарған  әулеттер  



Мауренаһр бойына қоныстанады. Осы аумақты Қайдұға қарасты дұғлат, сүлдіс, 

қоңырат,  хонқотан  сынды  тайпалар  иемденеді.  Шу  өзені  даласын  Қайдұның 

«қорығы» (қорықты киелі жері) етеді. Рашид ад-дин «Іле мен Шу өзені бойындағы 

Сұңқарлық  деген  биік  тауда  Қайдұ  және  оның  ұрпақтары,  ханзадаларының 

жерлеу орындары бар», – дейді. 

В.В.Бартольд:  «Қайдұ  Орталық  Азияда  дербес  жеке  дара  мемлекеттік 

құрылымның  негізін  қалады.  Қайдұ  өзінің  Өгедей  қағанның  ұрпағы  екендігін, 

билікті алуға құқылы екенін дәлелдеу үшін күресті. Арықбұқа Құбылайға бағынып 

мойынсынса да, Қайдұ оған көнбей билікті дәстүрлі мемлекеттілік салты бойынша 

жүргізу үшін күрес жүргізді», – деп бағалайды. 

В.В.Бартольд  Талас  құрылтайының  маңыздылығына  тоқталып,  оның 

ұйымдастырушысы  Қайдұ  болғандығын  атап  көрсетеді.  Əсіресе  Барақ  пен 

Құбылай  арасындағы  билік  таласында  Барақ  хан,  Түркістан  (қазіргі  Оңтүстік 

Қазақстан,  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Түрікменстан,  Шығыс  Түркістан  (Шынжаң)) 

аумағын толықтай иелігіне алды. Бұл кездерде Ұлық ұлысқа (Алтын Ордаға) билік 

жүргізуге Құбылайдың құзыреті мен әскери күші де жетпеді. Дәл осы кезеңдерде 

Қайдұның  бастауымен  Ұлы  Құрылтай  өткізілді.  Құбылай  басқарған  орталық 

билікке  қарсы  Қайдұ  Барақпен  Мауренаһр  үшін  соғысуға  дайын  болғанымен 

Алтын Орда ханы Меңгү-темір мен Барақ екеуінің әскери одағына бейбіт келісім 

жасауды  үгіттеп,  өз  немере  бауыры  Қаданұлы  Қыпшақты  елші  етіп  жібереді. 

Осылайша, 1269 жылы Талас аумағында жеті күн бойы ең ірі құрылтай өткізеді. 

«Құрылтайға  қатысқан  билеушілердің  барлығы  «анда»  болып  ант  су  ішеді. 

Тарихи жазбаларда, Қайдұны ақ киізге отырғызып, хан көтерді деген мәліметтер 

кездеспесе  де,  осы  ұлы  құрылтайда  Қайдұның  билігі  құдыретті  болғандығы, 

басқа хан билік тұлғаларды тікелей басқарып тұрғандығы байқалады», – дейді 

В.В. Бартольд

469



Шағатай,  Өгедей  және  Жошы  әулеті  ұрпақтары  бір  құрылтайға  жиналып, 



қытайда билік жүргізген Құбылайға қарсы екендігін білдіріп, оған бағынбаймыз 

деп  шешеді.  Қайдұ  басшылығымен  өткізілген  Талас  құрылтайы  Орталық  Азия 

тарихында Шыңғыс қаған орнатқан алып империядан кейін алғаш рет жеке-дара 

дербес мемлекеттік билік жүргізудің тарихи бастауы болып қалды

470



Осы  орайда,  келесі  2019  жылы  Талас  құрылтайына  750  жыл,  Ұлық  ұлыс-



Алтын Ордаға 750 жыл, ал 2020 жылы Шыңғыс қаған негізін қалаған Қарақорым 

ордасына 800 жыл толатынын еске салғымыз келеді. Бұл мерейлі жылдар – түрк 

468

 Рашид ад-дин, 2018. 106-108.



469

 Бартольд, 1963. с. 578

470

 Пищулина, 1977. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет