Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет266/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

279 


ТАҚ ТАҒЫЛЫМЫ

Ұзақ  тарих  көшінде  шашылып  қалған  ер-тұрманы  бүтінде ліп  жатқан  ел 

ретінде кейде кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерге кешіріммен қарау – заңдылық. Ал, 

кей тұста көзге ұсақ секілді көрінгенмен көңіл де ұлы ұғым ретінде бас көтеретін 

дүниелер болады. 

Қазақ хандығының 550 жылдығын ел есінен кетпестей қылып ерекше атап 

өттік. Мемлекетті бірге құрып, есімдері тарихта бірге аталып келе жатқан Керей 

мен Жәнібекті ардақтадық. Таразда той өтіп, еңселі ескерткіштері бой көтерді. 

Əрине, бір-бірінен бөле қарамайық деген дұрыс ниеттен шығар, екеуінің атын 

қосарлап бір көше беріп, екеуіне екі тақ орнатып қатар отырғызып та жібердік. 

Тарихқа  үңілсек,  Керей  мен  Жәні бек  төңірегін  тайталасқа  толы  талас-

тартыссыз  елестете  алмайтын  тақ  деген  таңғажайып  дүниенің  айналасынан 

айрықша  тағылым  қалдыра  білді.  Хандықты  құрудың  азабы  мен  арпалысын 

бірге кешіп келіп, таққа отырар сәтте алдыңғы тарих жосыны бойынша іні ағаға 

жол  берді.  Осылайша  қазақ  халқына  атын  берген  хандықтың  құрылу  кезеңі 

осындай кемел кісіліктен бастау алды. Қазақтың алғашқы ханы болуды Керейдің 

талайына жазды. 

Қазақтың алғашқы ханы – Керей. Бір ұлттың алғашқы ханы болуы тағдырдың 

ерекше таңдауы. Ендеше бұл айшықталып, айрықшаланып айтылуы тиіс. Ал 

Жәнібек екінші ханымыз және баһадүр хандардың атасы ретінде ордадай орны 

ортаймас, қазаққа Қасым хандай даңғайыр парасат иесін берген орасан тұлға 

болып қала береріне шүбә жоқ. 

Қазіргі күнде екеуіне бір көшенің аты беріліп, қатар таққа отыруын ертеңгі 

жас ұрпақ санасы қалай қабылдар екен деген екіұдай күй кешесің. Егерде сол 

ескерткішті көрген жас өскіннің ойында «сонда мемлекетте бір мезетте екі тақ, 

екі хан болған ба?» деген сауал туса қалай жауап берер едік? Əрине, бірі ақ 

киізбен хан көтерілгенде бірі қорған болғанын айтудан өзге уәжіміз жоқ. 

Керей  мен  Жәнібектің  өнегесі  алдыңғы  тарихтың  жоралғы  жосыны  еді. 

Мысалы, Түрк қағандығы, Қарахандар билігі, Салжұқ кезеңі секілді дәуірлеген 

алып империялардың дүниеге келуінде ағалы-інілілердің ауысып басқару жүйесі 

қалыптасқан дәстүр. Өзінің ағасы Білге қағанды таққа шығарған жас Күлтегіннің 

жосықты жолы сайрап жатқан жоқ па? Көкжал Күлтегін арыстан ағасын таққа 

отырғызып, өзі соның қорғаны ретінде жанында қасқайып тұрды. Сол тарихтың 

сабақ тастығындай  Керей  мен  Жәнібекке  қойылған  Астанадағы  ескерткіш 

кейде  осы  Күлтегін  мен  Білге  қағанды  еске  түсіретіні  бар.  Сонау  Салжұқ 

мемлекеттігінің бастауында тұрған, Сырдың бойында, қазіргі қазақ даласында 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет