ҰЛЫ ДАЛА тарихы
275
өлтіргеннің бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей екені айтылады. Ислам, соғыс
жағдайының өзінде ана мен баланың, жазықсыз жандардың жапа шегуіне рұқсат
етпейді. Міне сондықтан, Құран үкіміне бас иіп, исламның әміріне мойынсұнатын
мұсылманның террорист болуы мүмкін емес. Өйткені, шынайы мұсылман
жазықсыз пенденің қанын мойнына арқалау былай тұрсын, тіпті, жаратылыстың
әрбір мүшесіне жаратқанның туындысы ретінде ерекше құрмет сезімімен қарап,
оған қылдай қиянат жасауға дәті жібермейді.
Бүкіл адамзатқа жіберілген кәміл дін болғандықтан, исламда әлеуметтік әділет
пен теңдік жан-жақты қарастырылған. Ол капитализм сияқты тек жеке кісіні
немесе социализм сияқты тек қоғамды ғана негізге алмайды. Кісілік қалып пен
оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне толық ерік берген ислам діні адам бақыты мен
жамағаттың жақсылығы арасында керемет үйлесім құрған. Көршісі аш отырып,
өзі тоқ болған кісінің кәміл мұсылман бола алмайтынын хадистерінде ескерткен
Хазіреті пайғамбар, осылайша, үмбетін әлеуметтік әділеттілікке шақырды. Аллаға
иман келтірген, жамағатпен намаз оқыған немесе Қағбаны тауап етіп айналып
жүрген мұсылмандардың барлығы, түр-түсіне қарамастан, бір үйдің балалары
сияқты, бәрі бір-бірімен бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық дүниеқұмарлық,
пайдакүнемдік немесе қандай да болмасын саяси билік үшін құралған жасанды
идеология емес, жүректер үндестігінен туған рухани бірлестік. Үмбет болған
адам бір жүрек, бір тілек болып бір адамдай, бір ұлттай қабысып, астасып кетеді.
Сондықтан, басқа сенім өкілдерінде «үмбет» сөзінің баламасы жоқ.
Ислам діні, бай мен жарлының арасындағы әлеуметтік айырмашылықты «тап
күресі» сияқты өшпенділікті өршітетін ұран тастамай, керісінше, пітір, садақа,
зекет беру мен қоғамға пайдалы, сауабы мол ізгілікті, қайырлы істер жасау
жолында жарысуға шақыру арқылы мейірімділікпен шешеді. Шынайы мұсылман
дүние жолында қол жеткізген жетістіктерге малданып, қуанбайды, ал жоғалтқан
нәрселері үшін де опынып, өкінбейді. Ол өзінің әрбір ісіне есеп беріп, барлығын
тек бір Алла тағаладан болады деп біледі. Осы орайда, арсыз нәпсіні тәрбиелеп,
байды шүкірге, қайырым мен мейірімге, ал кедейді қанағатқа жетелейтін ораза
айының ерекшелігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ислам діні арқылы пайда
болған қайырымдылық қорлары жарлы-жақыбайларға, жетім-жесірлерге жәрдем
беріп, оларды әрдайым өз қамқорлығына алып отырған.
Бүкіл діндердің негізінде сенім мен сүйіспеншілік, мейірім мен махаббат бар.
Ал діндерарасы деп атап жүрген соғыстардың астарынан саяси, әлеуметтік және
экономикалық себептер іздеген жөн. Мәселен, кезінде мұсылман әлемін қанға
бөктірген крест жорықтарының мақсаты орасан байлық пен ауқымды жерлер
иелену болғаны жасырын емес. Сонымен қатар, діндер арасында татулық болмай,
әлемде бейбіт өмірдің тұрақты болмайтыны да анық. Дінді дұрыс түсінбеу немесе
өзге дінді біржақты білу де қақтығысқа апарып соғатын факторлардың бірі.
Құранды негіз алған Хазіреті Мұхаммед алейһиссалам кезінен бастап, өзге
|