Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет267/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

280 


туып-өскен  Тұғырыл  мен  Шағыры  бектердің  тағылымы  да  осыған  меңзейді. 

Алғаш мемлекет құрғанда Тұғырыл бек өзінің ағасы Шағырыны таққа шығарған. 

Бұл  ежелгі  Еуропада  таққа  таласып,  жақындар  жаға  жыртысып  жатқан  кезде 

жолды,  жосықты  ұстанып  іні  ағаны  таққа  отырғызған  тамырлы  таным,  білікті 

биіктіктің  көрінісі  еді.  Бұл  түптеп  келгенде  түрктің  көне  билік  жүйесі,  кісіліктің 

кілті.  Сондықтан  Жиделібайсынға  бет  түзеп,  Қозыбасыға  ту  тіккен  Керей  мен 

Жәнібектің Ұлы дала дәстүрін қайта жаңғыртуы – қазақ халқының Мәңгілік Ел 

мұраты мен пассионарлық қуатын айқындай түседі. 

Жосынды  нәпсі,  дәстүрді  дәме  бүлдіріп  мансап  үшін  ағалы-іні  түгілі  әке 

баланы  өлтірген  Алтын  Орда  тұсын д а  тақтан  бақ  тайды,  жерден  ел  азды. 

Айналасы 23 жылдың ішінде 25 хан ауысқан кездер болғаны жайындағы дерек 

«бекті халықтың дауласқанынан, ағалы-інілі жауласқанынан мемлекеттің іргесі 

сөгілген» дейтін бабалар сөзін тағы да еске салады. 

Түпкі түрктік түсінік, ұлы далалық ұғым Қазақ хандығы тұсында осылайша 

ағалы-інілі  арыстарды  кезегімен  таққа  шығарды.  Қазақ  хандығының  құрылуы 

гуманизм мен парасаттылықтың айқын бейнесін де сомдады. Бұл сол кезеңдегі 

мемлекеттік  сананы,  елдік  философия ны  көрсетеді.  Біз  тарихтан  тағылым 

алғанда осы сәулелі сананы алға шығара мақтансақ керек. Ендеше екеуіне екі 

тақ, бір көше беруіміз осы тағылымға томпақ түсіп, тарихи жадымызға да жата 

қоймайды.  «Би  екеу  болса,  дау  төртеу  болады»  деген  қазақтың  ұғымына  екі 

тақ деген тіптен сыймасы анық. Қандай жағдайда да хан – біреу, тақ – жалғыз. 

Бағзы  тарих  бекіткен  бұлжымас  қағида  осылай  дейді.  Қазақтың  бірінші  ханы 

ретінде Керей бөлек аталып, Жәнібек жеке құрметтелуі тиіс. Сондықтан екі ханға 

берілген бір көше мәселесін қайта қарап, ескерткіштерді жөндеп, тұлғаларды өз 

тұғырына қондыру керек болар. 

Тарих тағылымы тамыр секілді тереңге тартады. Терең таныммен біте қайнап 

біріге  алған  жоралы  жұрт  тамыры  тереңдегі  алып  бәйтеректей  жасаңғырап, 

жайқала бермек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет