Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет276/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

288 


құрылу  шағында  көптеген  мұрағат  қағаздарының  Еуропаға  тонна-тонналап 

сатылып кеткенін  ел тарихшылары қазір  өкінішпен еске алады.  Бұл  қағаздар 

арасында біздің тарихымызға қатысты құжаттар да болды ма екен, кім біледі? 

Əрине, халифаттың орталығы һәм күллі мұсылман елдерінің тірегі болған, 

сондықтан, дәуірлеп тұрған шағында саясат сахнасында өзіндік салмағы болған 

Османлы мемлекетінің мұрағаттарында түбі бір қазақ елі туралы мәліметтердің 

болмауы  мүмкін  емес.  Осы  ойымызды  Османлы  мұрағатында  сақталған 

халқымыздың тарихына қатысты бірнеше құнды құжаттар айғақтайды. Түркістан 

тарихы  төңірегінде  бірнеше  монографияның  авторы,  профессор  Мехмет 

Сарайдың “Османлы мемлекеті мен Түркістан хандықтары арасындағы саяси 

байланыстар” атты еңбегінде көрсеткендей, бұл маңызды құжаттардың бірі – 

Қайып ханның 1713 және 1715 жылдары Османлы патшасы ІІІ Ахмет сұлтанға 

жазған хаттары еді. 

Осы  орайда  біраз  шегініс  жасауға  тура  келеді.  Османлы  мемлекетімен 

тікелей байланыс жасап, елінің күңгірт тарта бастаған келешегі үшін халифа-

сұлтанға елші аттандырған Қайып хан кім еді? Жылдарға созылған толассыз 

жаугершілік  уақытта  аттың  жалында,  түйенің  қомында  жүріп,  бейбіт  өмір 

аңсаған қазақ халқына “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” заман орнатқан 

әз  Тәукеден  кейін  билік  басына  келген  Қайып  хан  туралы  аты  әлемге  әйгілі 

тарихшы  Зәки  Уәлиди  Тоған  “Хорезм  мен  Хиуаға,  сондай-ақ,  Башқұрт  елінің 

оңтүстігіне  әмірі  жүрген,  Қазан,  Тобыл,  Бұхара  және  Ташкент  арасындағы 

сауда жолының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен құдіретті хан еді. Башқұрт жеріне 

ат  басын  бұрған  1709  жылы  ол  бар  болғаны  26  жаста  болатын”  деп  жазды. 

Өкінішке  қарай,  Түркістанда  тұрақтап,  әуелі  қалмақпен,  сосын  жоңғардың 

қалың қолымен жұлқыласқан, “Қаратаудың басынан көш құлаған” аласапыран 

кезеңде қолына қару алып қан майданда соғысқан, елінің келешегіне алаңдап, 

сауатты келіссөздер жүргізген Қайып ханның тағдыры тым келте тоқталанды. 

Елдің іргесін біріктіру үшін жаумен жаға жыртысқан хан жат қолында емес, тақ 

жолында өз бақталастарынан мерт болды. 

Отандық  тарихта  аты  көп  аталмай,  қағажу  көріп  келген  Қайып  ханды  сол 

кезде  Ыстанбұлдағы  сұлтанмен  байланыс  орнатуға  итермелеген  қандай 

себеп  еді?  Тарихтан  белгілі,  XVІІ  ғасырдың  соңы  мен  XVІІІ  ғасырдың  басы 

қазақ  халқына  ауыр  қайғы-қасірет  ала  келді.  XVІІ  ғасырдың  20-жылдарында 

Жоңғариядан жолға шығып, қазақ даласын басып өткен қалмақтың қалың қолы 

Еділ бойына келіп орныққаны тарихтан мәлім. Бүйіріндегі Қырымға, көршілес 

жатқан башқұрт, түрікмен, қарақалпақ пен қазақтарға қырғидай тиіп, қарапайым 

халықты қан қақсатқан қалмақ хандығы XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғасырдың 

басында  түрк  халықтарына  үстемдік  жасап,  өз  өктемдігін  жүргізуге  ұмтылды. 

Таққа  отырған  соң  Тибеттегі  Далай-ламадан  ресми  түрде  “хан”  атағын  алған 

Моншақ  хан  ұлы  Аюке  хан  (1646-1724)  мұнымен  шектелмей,  аймақтағы  өз 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет