Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет278/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

290 


Османлы  мемлекетінің  дипломатиялық  ерекшеліктері  толық  сақтала  отырып 

жазылған. Бір өкінішті жайт, хаттардың қазақ тіліндегі түпнұсқасы сақталмаған. 

Сұлтан  ІІІ  Ахметтен  ресми  жауап  келгеннен  кейін,  яғни  1715  жылы 

Ыстанбұлға бұл жолы Құрбан бек атты елшісін жіберген Қайып хан, хатында 

аймақтың  жай-күйін  баяндай  келе  мұсылман  башқұрттардың  аянышты  жай-

күйін,  Ресейдің  оларға  озбырлық  жасап,  салық  салғанын  жазады.  Басқаға 

бодан болған мұсылманға болысудың парыз екенін еске салғаннан кейін, егер 

халифа көмек берсе туысын азат етіп, басқыншыға тойтарыс бере алатынын, 

бұл орайда халифаның қандай да болмасын тапсырмасын орындауға дайын 

екенін  айтады.  Алайда,  жауап  хатында  Ресеймен  жасалған  келісім  бойынша 

қазақ ханына көмек бере алмайтынын тілге тиек еткен Османлы сұлтаны, Қайып 

ханның өз қалауы бойынша әрекет жасауына ерікті екенін жазады. Осылайша, 

тығырыққа тірелген тұста бұл кездері күш-қуаты әлсірей бастаған Ыстанбұлдан 

күткен көмек келмейді. Дегенмен, төніп келген қауіпке қарсы қол қусырып қарап 

отыруға болмайтынын жақсы сезінген Қайып хан 1716 - 1718 жылдары Ресейге 

елшілер  жіберіп,  келіссөздердер  жүргізу  арқылы  жоңғарларға  қарсы  бірлесіп 

күресу жайында ұсыныстар жасайды. Одан әрісі барша жұртқа аян жайт.

Қолдағы  бар  дерекке  қарағанда,  Османлы  мемлекеті  мен  қазақ  хандығы 

арасындағы тікелей байланыс осымен үзілген сияқты. Дегенмен, қазақ хандығы 

мен  қазақ  халқы  туралы  деректер  Османлы  мен  Бұқара,  Хиуа  һәм  Қоқан 

хандықтары арасында жазылған түрлі хаттарда там-тұмдам кездесіп қалады. 

Əсіресе, Патшалық Ресейдің қазақ даласындағы отарлық саясаты бұл хаттарда 

едәуір көрініс тапқан. 

Дегенмен, бұл жағдай бізді «осымен Османлы мемлекеті, кейінірек Түркия 

Республикасы мен қазақ даласы арасындағы байланыстар үзіліп қалған» деген 

ойға  жетелемеуі  керек.  Бауырлас  екі  елдің  арасындағы  әртүрлі  деңгейдегі 

байланыс  күні  бүгінге  дейін  үзілмей,  жалғаса  берген.  Мәселен,  Ресейдің  қол 

астына қараған тұста, қазақтар қажылыққа сапар шегіп, Меккеге барар жолда 

халифаттың орталығы Стамбул арқылы өткені белгілі. Олар жолда Ыстанбұлда, 

Измирде және тағы басқа қалаларда аялдап, кітапхана, уақып (вакууф), такке 

және  зауиелерге  бас  сұғып,  қонақ  болды.  Тек  Ыстанбұл  қаласының  өзінде 

Түркістандық қонақтар мен қажылыққа барушыларға арналған бірнеше қонақүй 

болған. Сондай қонақүйдің біріне аялдаған Шәкәрім бабамыздың да қажылық 

сапары  кезінде  Ыстанбұлдағы  оқымысты  ғалымдармен  кездесіп,  кітап  қарап, 

соңында  іздегенін  тауып,  ерекше  қуанғаны  ақынның  шығармалары  арқылы 

белгілі. Бір өкініштісі, Шәкәрім қажы сарыла іздеп, тапқан кітабының аты мен 

сұқбаттасып, пікір алмасқан ғалымдары жайында мәлімет бермейді. Шәкәрім 

қажының  бір  ізін  табармыз  деген  үмітпен  Ыстанбұл  мұрағаттарын  ақтарған 

біздің қолымызға түскен бір құжатта Жерорта теңізіне таяу орналасқан Тарсус 

қаласында  аялдаған  түркістандықтардың  мекен-жайлары  ретінде  Ақмешіт, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет