ҰЛЫ ДАЛА тарихы
314
Б.Ысқақов
529
1997 жылы түрк тілінен аударып жариялады.
ХV ғасырда хатқа түскен, Қорқыт атына жинақталып, топ талған «Кітаби дәдә
Қорқыт» эпо сында оғыздардың кейінгі қо нысында пайда болған кейбір ұғым-
түсініктер, жер-су аттары, діни сарын қабаттары да бар. Бұл эпостың табиғатынан
баба жұртын сағынып, пір тұтқан ел ұзандарының Қорқыттың атын түп-қазық етіп,
түп-төркіні бай ырғы баба топырақтан бас тау алатын жыр аңыздарды Əзербайжан,
Кіші Азия ай ма ғында қайта-қайта айтып топ тап, жинақтағаны, әдемі эпос қа
айналдырғаны білінеді. Жырда ұлы дала эпосына тән телегей теңіз төкпелік,
шымыр желі, композициялық кес телі үйлесім кеми түскен. Оты ры қ шы қалалық
елдің ертегі айту машығына тән тосын диалог, шытырман новеллалық са рын,
ай тушының әміршіге ба ғыш та ған тілек сөзімен түйін де летін өзгеше өрнек аңға-
ры лады.
Бұл дастан ғалымдардың пі кірінше әзербайжан оғыздары арасында тұтас
тұлғалы эпос тық шығармаға айналып, толыса түскен. Əйгілі ғалым Ə.Қоңыратбаев
дастандардың же теуі Сыр бойында, бесеуі Кавказда пайда болған деген пі-
кірге бейіл білдіреді
530
. Де мек, бұдан Кавказ тарапына Қор қыт тың өзі емес
жаңа бояумен жаңғырған сөзі барған, қа си етті бабаның рухының ұш қы ны жаңа
мекенде жаумен қи да лас қан қалың ұрпағын жебеген, киелі аруағы Балқан асқан
ба хадүрлерге пана болған деуге болады.
Анадолы топырағына табан тіреген жүректі де білекті ба тыр бабалар танымы
– Грек философиясына, қалыбы – Рим мем лекеттігіне арқа сүйеген хрис ти -
андық Батыспен бетпе-бет кел генде, өзіндік кескін-келбетін жо ғалтып алмауға
септесетін руха ни иммунитет іздегені анық. Дін мен дәстүрдің үйлесімінен туған
мұндай ішкі қуатты қал қан ды түрк тер Қорқыт атадан тап қан сыңайлы. Сон-
дықтан Қор қыт ата кітабы – түрк тілі мен тарихының түпсіз тереңдігін та ны татын
Қашқаридің әйгілі сөздігін, түрк мемлекеттілігі мен мәдениетінің өрелі өрісін көр-
се те тін Баласағұнның «Құтты біл ігін» және түрк руханияты мен өміршең өнегесін
әйгілейтін Ясауидің дана хикметтерін бойына жинақтаған ұлттық кодқа айналды.
Ислам ілімі кең қанат жайған оғыз дар арасында хатталған «Қорқыт ата кі та-
бында» Қор қыт тың ажалмен ай қа суы, бақ сылық сипаты айрықша кө рі не бер-
мей ді. Алайда, «дәдә Қор қыт» – сәуегей, қи ын сәтте жәр дем беруші, тарыққанға
жол сіл тейтін ақылгөй, түс жорушы бол жам паз, батырға есім бе руші батагөй,
на қылшыл дана, жыршы ұзан. Дегенмен, оның кө ріпкелдік қасиетті сипаты әре-
гідік қылаң беріп отырады. Қазақтағы Қорқытқа тән ажалға қарсы шығу сарыны
бұл кітапта Тоқа баласы ержүрек Домрулға қатысты жаналғыш әзірейілге күрес
түрінде әңгіме етіледі.
Кітапта Қорқыт бір жағынан осы эпос ты жырлаушы, бір жағынан кейіпкер
ретінде араласады. Эпоста Орталық Азиядан ұласқан сюжеттер басымдыққа
ие екені қарапайым көзге де айқын көрі неді. Эпостың негізгі сарындары, кейіп-
529
Ысқақов, Алматы, 1996.
530
Қоңыратбаев, 1987, 180 б.
|