ҰЛЫ ДАЛА тарихы
316
бойында өткені мәлім. Қор қыт тың атасы оғыз, нағашы жұр ты қы п шақ еді дейді
көне шежіре.
Қазыналы Қорқыт ата мирасын бағзы заманнан әр жұрт өзіне тәбәрік еткен,
сондықтан оның әр ұлыста өзіндік ерек ше лікке ие жыр-әпсанасы сақ тал ғ ан.
Қорқыт ата уақыт пен ке ңіс тіктің қою мұнарынан арасы ал шақ таған алашты қас-
қағым сәтте біріктіре алатын, басын қосып ізгілік пен жеңіске бастайтын дала
дарабозы. Бұл оның оғыз-қып шақтың еншісі бөлінбеген дәу ірде өмір сүрген нар
тұлға еке нін көрсетеді.
Қорқыт атаның бейнесінде миф тік астарлы бояу қалың бол ған дықтан кейбір
шығармаларда оның 295 жыл жасап, үш әмір ші ге уәзір болғаны айтылады. Бір
де ректер Мұхаммед пайғамбарға ел шілікке барғанын, Аббас әу леті Бағдатты
бас қа рып тұрған шақ та өмір сүргенін алға тарта ды. Ұшан-теңіз мәлімет қо рын
тексере келе академик Ə.Марғұлан Қорқытты VІІ-VІІІ ғас ырда Сыр бойында
дүниеден өткен тұлға деген қорытынды жасайды
533
.
Ұлылар бір жерде туып, мың жерде өледі» деген қанатты сөз бар. Қорқыт
атаның қабірінің өзі үш жерде аталады: Түркияның Байбұрт ауданы, Кавказда Дер-
бентте, Сырдария бойын да Қармақшы ауданында. Жал пы, ұлы қайраткерлердің
тыным тапқан киелі орындары қатарынан екі-үш өлкеде ор наласқан деп айтыла
беретіні бар. Мәселен, әйгілі Арыстан бап тың қабірі Қырғызстанда, Оты рарда
және Сыр бойында бар. Мұндай киелі орындарға кей жағдайда марқұмның сүйегі
жатпаса да құрбан шалып, дұға оқитын болған. Қорқыт атаның қазақтағы әпсана-
мифтеріне қарағанда, оның бей несі көне түрктік дәстүрден ажырай қой мағаны
білінеді. Ендеше, кейінгі дәу ір де болған оғыз көшімен Қор қыт атаның ру хы,
мирасы еріп барған деуге болады.
Қорқыттың бейітін ұзақ за ма налар бойына жел мүжіп, су шайып, әбден
тоздырған-ды. 1898 жылғы қазан айында мазардың басына барған белгілі
оқы мысты Ə.Диваев осыны кө зімен көріп, «Қорқыттың ежелгі бейіті өзінің
соңғы күндерін бастан кешіп жатыр», – деп күйзеле жазды
534
. Белгілі ғалым
В.Жирмунскийдің «Сыр бойында Қор қыт ты қадірлеудің мың жыл дық өнегесі бар»
деуі де бек ер емес. «Ғарыш қақпасы» саналатын, жер кіндігі іспетті Байқоңыр
ма ңында ірге тепкен Қорқыт ата кешені мәңгіліктің мәнін меңзеп тұрғандай.
Сондықтан, Қорқыт атаның кісіліктің кілтіне нұрлы бастау болатын бай мұрасын
адамзаттың ақыл-ой қазынасы тұрғысынан әлемдік кеңістікте дәріптеп, өскелең
ұрпақтың кәдесіне жаратудың маңызы зор. Тұң ғи ық терең философиясы жасам-
паз өмірге құштарлықты өзек еткен Қор қыт мұрасына дүркін-дүркін қайта үңіліп,
дәуір ағыстарына сай қыртыс-қатпарларын жаңаша бағамдап әрі бағалап отыру
– бүгінгі зерделі қауымның бір парызы.
533
Марғұлан, 1985, 169 б.
534
Диваев, 1896
|