Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет343/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

355 


И.  Гаспыралы  кейінірек  Ташкентке  барып,  байланыстарын  одан  әрі 

жалғастырды.  Ең  алдымен  Түркістан  генерал-губернаторы  А.В.  Бревскийге

615

 

барған  Гаспыралы  бұдан  кейін  атақты  миссионер-ғалым  Н.  Остроумовпен 



кездесті

616


.  Осы  кездесуден  байқалатындай,  И.Гаспыралы  өзіне  Түркістанда 

қарсы  шығатын  негізгі  адамның  Н.  Остроумов  екендігін  алдын-ала  білген. 

«Түркістан  Уәләяты  Газетінің»  бас  редакторы  және  Ташкент  мұғалімдер 

мектебінің  бас  инспекторы,  миссионер  Н.Остроумов  әйгілі  миссионер 

Ильминскийдің  өтініш-талабымен  Ресей  өкіметінің  Түркістандағы  ресми 

идеологиясына тікелей ықпал ететін жауапты адам еді. Исмаил Гаспыралының 

кейіннен  «Тәржіманда»  өзінің  осы  сапары  барысында  қандай  мәселелер 

жайында  сөз  қозғалғандығын  жазбағанына  қарағанда,  кездесудің  нәтижелі 

болмағандығы  байқалады.  Бұл  кездесу  негізінде  әдептілік  үшін,  көз  қылып 

өткізілген-ді.  Исмаил  Гаспыралы  өзінің  күмәнді  және  қауіпті  адам  еместігін, 

жасырын-құпия жұмыстармен айналыспағандығын, ең маңыздысы – ұлт үшін 

жасағысы  келгендерін  мемлекетпен  кеңесе  келіп,  ресми  саясаттың  аясында 

жариялы түрде жүзеге асыратындығын айтқысы келді. Мұның бәрі, әрине саясат 

үшін  жасалған  еді.  Исмаил  мырза  басқарушыларға  мынадай  мәлімет  берді: 

«Жаңа әдіс, сабырлылық және достық арқылы Түркістан халқына білім беріліп, 

жаңаша  көзқарастар  пайда  болса,  оның  ары  қарай  жүзеге  асырылатындығы 

даусыз.  Көпшіліктің  ақыл-қабілеттері  айқындалып,  жақсы  мен  пайдалыны 

ажырататын болады»

 617

.

Исмаил Гаспыралының Ташкентке сапары оң нәтижелі және пайдалы болды. 



Ташкент  халқы  тарапынан  сый-құрметке  бөленген  ғалым,  қазы  Мухиддиннің 

үйінде  бірнеше  сағат  қонақта  болған  Гаспыралы  сол  жерде  түркістандық 

бірнеше зиялы кісілермен танысты, олармен сұхбаттасып, жүздескеніне ол өте 

қуанышты еді

618

. Исмаил мырза қуанышын былай жеткізді: «Ташкентте зиялы 



Ислам жамиғатын көріп, қатты қуандым. Азия ортасында, осынау шет аймақта 

осыншалықты зиялы және жан-жақты хабары бар мұсылмандарды кездестіру 

кімнің  ойына  келген!  Олардың  басым  көпшілігі  әскери  және  мемлекеттік 

қызметкерлер. Бір бөлігі – жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, Жайық және Орал 

жақтан келгендер және бір-екеуі қырғыз (қазақ)

619


 тегінен шыққандар. Екі дәрігер, 

615


  Гаспыралының  жобасын  бекітуге  қарсылық  білдірген  генарал-губернатор  Розенбах  1884-1888 

жылдары қызмет атқарған. 1893 жылы генерал-губернатор қызметінде Барон А.Б. Вревский (1889-

1898 жылдары қызмет атқарған) болатын. 

616


 İsmail, Bahçesaray’dan Taşkend’e Seyahat, Tercüman, N

o

 41, 2 Aralık 1893, s. 32.



617

 İsmail, a.g.m. s. 29.

618

 İsmail, a.g.m. s. 30.



619

 Исмаил Гаспыралы қазақ халқы туралы мынадай мәліметтер береді: «Шехри Ташкенде мевжуд 

малуматлу муслуманлар арасында Ханедани Киргиздан (қазақ) ротмейстер (ески Русияда йузбашы) 

Султан  Асфендияров  (атақты  тарихшы  Санжар  Асфандияровтың  әкесі)  мен  тержуман  Заманбек 

Шейхалибеков женабларыны йвд етмек лазым. Бунларын хер икиси де инден-нас рағбетли ве рағбете 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет