Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет348/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

360 


Мақаланың  кіріспесінде  Абайды  қалыптастырған  орта  мен  халық  әдебиеті 

жайында ой өрбітіп, қазақ әдебиетін «түрк халықтары әдебиеті ішіндегі ең бай 

әдебиет»  деп  бағалаған  Шағатай,  қазақ  әдебиетінің  даму  үрдісі  мен  өрісіне, 

ерекшелігі мен басымдылықтарына тоқталады. Осы тұста ХІХ ғасырға дейінгі 

дәуірлерге талдау жасап, халық әдебиетінің тармақтарын тарата айтқан Тахир 

Шағатайдың білгірлігіне еріксіз таңырқайсың. Ол былай деп ой толғайды: «Түрк 

халықтары  әдебиеті  ішіндегі  ең  бай  әдебиет  қазақ  әдебиеті  десек,  ешқандай 

артық айтпаған болар едік. Қазақ халқында ақындық өнер мен философиялық 

ой-танымның күшті дамығаны жайында ел аралап, қазақтар арасында болған 

көптеген  шет  елдік  ғалымдар  да  айтып  кеткен.  Кең  дала,  заңғар  таулар  мен 

жанға жайлы жайлаулар және табиғи тұрмыс салты сыйлаған кең мүмкіншілік 

пен мұңсыз өмір сияқты алғышарттардың халық өнерінің дамуына үлкен үлес 

қосқаны анық. Қазақ халық әдебиеті сарқылмас, шексіз қазына. Сондай-ақ ол 

басқа халықтар әдебиеті сияқты біржақты ғана емес. Ол табиғи құбылыс пен 

қоғамдық өмірдің бар саласына тамыр тартқан...»

Мақала авторы одан әрі Абай туралы тереңнен толғап, көсіле сөйлейді: «...

Ауыз әдебиетінде дәстүрлі қазақ халық әдебиетінің рухы басым болса, жазба 

әдебиетте  сыртқы  дүниенің  әсері  айқын  еді.  Əртүрлі  тармақтарға  бөлінгеніне 

қарамастан, бұл үрдіс ХІХ ғасырдың орта тұсына дейін жалғасын тапты. Осы 

кезеңнен бастап ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы әдебиетке үлкен өзгеріс 

әкеліп, халық әдебиетіне жаңа бағыт берді. Ол заманауи сипатта, ұлттық рухта 

өлеңдер жаза бастады. Абай орыс әдебиеті және сол арқылы Еуропа әдебиетін 

жетік  білетін.  Дегенмен,  бұл  таныстық  оны  қазақ  ауылынан,  кең  даласынан 

және  дала  төсінде  еркін  жайлаған  халқынан  айырған  жоқ.  Ол  дәстүрлі  қазақ 

әдебиетіндегі халықшылдықты заманауи ұлтшылдыққа айналдырды». Расында, 

Абайды өзге замандастарынан айырып тұрған ең үлкен ерекшеліктің бірі – оның 

уызға  жарып  өсіп,  терең  тамырдан,  дәстүр  мен  діннен,  халықтық  таным  мен 

пайымнан  қол  үзбей,  ұлттық,  елдік,  рухани  құндылықтарды  жырлап  өтуінде 

жатыр емес пе? 

Абайдың  «Орысша  оқу  керек,  хикмет  те,  мал  да,  өнер  де,  ғылым  да  – 

бәрі  орыста  тұр.  Зарарынан  қашық  болуға,  пайдасына  ортақ  болуға  тілін, 

оқуын,  ғылымын  білмек  керек»  деген  сөзін  Тахир  Шағатай  білсе  керек.  Ұлы 

ойшылдың орыс-орманға үңілу себебін дөп түсіне білген Шағатай, ұлы ақынды 

қаймықпастан «ұлтшыл, халықшыл ақын» дейді

631

. Бұл тұста Абайдың Шығысы 



пен Батысын тап басып, тани білген мақала авторына тағы да құлақ түрейік. 

«Орыс  зерттеуші  ғалымдары  Абайды  орыс  әдебиетінің  алыптары  Пушкин 

мен  Лермонтовты  оқып, олардың  шығармаларымен  жақын  таныс  болған  деп 

жазады. Ал, большевиктер оны «дала аристократы» ретінде қарап, «феодализм 

мен байшылдықтың жыршысы, ұлтшыл» деп қаралауда. Біздің пайымдауымыз 

631


 Cagatay, 1932, №29, 26 s.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет