Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет345/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

357 


кездесу  ойдағыдай  өтпеді.  Қадымшылар  мен  отаршылдардың  екі  жақты 

қысымында қалған Əмір кездесу барысында барынша абыржулы еді. Өйткені, 

Əмірдің  Қырымдағы  іссапарында  Исмаил  мырзамен  жасаған  байланысынан 

қатты мазасызданып, оның «панисламистік» әрекетінен күмәнданған патшалық 

ресми  орындары  Əмірге  осы  мәселе  бойынша  ескерту  жасаған.  Исмаил 

мырзаның «Ресейдегі білім беру жүйесі мен мектептердің жалпы жағдайы және 

мектеп бағдарламасы» туралы сөйлеген сөздерін әңгімеге қатысы жоқ кісідей 

тыңдағаннан  кейін  Əмір:  «Əділетті  басқаруымның  арқасында  мемлекетімде 

тәртіп  қалыптастырдым.  Басқаруыма  аманатқа  берілген  жүз  мыңдаған  кедей 

мұсылмандардың  тыныштығынан  басқа  тілегім  жоқ  еді»  –  деп  мәселені 

саяси  түрде  аяқтады

625


.  Бұдан  бұрын  осы  тақырыпта  өзара  келісіп,  арнайы 

шақырылған бұл кездесуге үлкен үмітпен келген Исмаил Гаспыралы өз ойын да 

білдіре алмай, қаладан кетуге мәжбүр болды.  

Кездесу  қадымшылар  мен  орыс  басшылардың  қалағанындай  аяқталды. 

Бірақ,  осы  сапар  уайымға  түсірген  орыстар  мұнымен  қанағаттанбаған  еді; 

Əмірге  қатты  қысым  көрсетіп,  Гаспыралымен  байланысын  түбегейлі  кесуге 

мәжбүр етті. Жасырын деуге болатын осы қабылдаудың артын ала Ташкенттің 

ресми газеті осы кездесу туралы сөз қозғап, «Тәржіман» газетінің бас редакторы 

Гаспыралының  Бұқарада  да  осыған  ұқсас  газет  шығару  жөнінде  Əмірмен 

келіскендігі  жайлы  жазды

626

.  Осыдан  байқалатындай,  орыс  басшыларын 



абыржытқан тек жәдитшілдік мектептері ғана емес еді; өйткені олар әрқашан 

бірлік  ұранымен  әрекет  еткен.  Орыстар  Гаспыралының  «Тәржіманы»  сияқты 

газеттің Түркістанда да жарық көруінен қорқатын-ды. Сондықтан да, Ташкент 

ресми газетінің жалған ақпарат беруі – алдын алу үшін жасалған психологиялық 

қысым көрсету болатын.

Түркістан  сапарында  арман-қиялы  көкке  ұшқан  Гаспыралы  «Тәржіман» 

газетінде  «Екі  хан»  атты  әңгіме  жариялады.  Əңгіменің  бас  кейіпкерлері 

қайырымды іс жасағысы келген Таштемір мен Қантемір атты екі хан еді. Бұл 

әңгімеде  оқиға  барысы  төмендегідей  өрбиді:  «Таштемір  хан  уәзірлерінің 

кеңесімен  үлкен  бір  мешіт  салдырады.  Ал  Қантемір  хан  уәзірінің  кеңесімен 

үлкен  бір  медресе  салдырады.  Арада  бірнеше  жыл  өтеді.  Таштемір  ханның 

еліндегі адамдар сауатсыз болып, күтімсіздіктен мешіттер қираған, сондай-ақ, 

ғибадатханалар көп болса да, ғибадат етуді білетіндер және ғибадат етушілер 

аз  болған.  Ал,  Қантемір  ханның  еліндегі  жағдай  керісінше  еді:  ол  көркейіп, 

дамыған. Медреселерден жыл сайын жүзге тарта білімді адам жетіліп шығып, 

мемлекетке қызмет еткен. Гаспыралы әңгімесін мынадай сөйлеммен аяқтайды: 

қайырымдылық іспен айналысатын құрылымдар мен басқа да құрылымдардың 

625


 İsmail, a.g.m. N

o

 42 17 Aralık, 1893, s. 39-40.



626

 İsimsiz: Ahbar-ı Dahiliye, Tercüman, N

o

 22, 8 Temmuz 1893, s. 43. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет