Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет356/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

367 


большевиктер тарапынан күштеп таратылды. Нәтижеде жүз мыңдаған жандар 

ажал құшып, Мұстафа Шоқайдың өзі күресті жалғастыру үшін шет елге кетті. Міне, 

осындай  дағдарыс  кезінде  Түркістан  ұлтшылдарының  басылымы,  аты  айтып 

тұрғандай  ұлы  Түркістанның  шынайы  жанашыры  «Ұлығ  Түркістан»  газетінде 

халықтың адал ұлдары мен Түркістанның шынайы патриоттарына үндеу-мақала 

жарияланды. «Бүгінгі міндеттеріміз» деп аталатын мақала Қоқандағы жайттан 

кейін  Түркістандағы  жағдайдың  мүлде  ауырлай  түскенін,  халықтың  қуғын 

көріп, жұрттың аштан қырылғанын баяндай келе, елінің ертеңіне алаңдайтын 

ойлы  азаматтарды  ұйымдасып,  жаңа  үкіметке  мүше  болуға,  осылайша  ұлы 

Түркістанның тағдырына араша түсуге шақырды

644



Міне,  Тұрар  Рысқұловтың  саясат  сахнасына  шығуы  да  дәл  осы  кезеңмен 



тұстас  келеді.  Ғалым  О.Қоңыратпаевтың  сөзіне  сенсек,  Рысқұлов  партия 

қатарына  1917  жылы  емес,  1918  жылы  қыс  айларында,  яғни  Қоқандағы 

қызыл  қырғыннан  және  билік  большевиктердің  қолына  толықтай  өткеннен 

кейін мүшелікке қабылданған. Сонымен қатар, Тұрар Рысқұловтың партиялық 

жарналарды  уақытында  төлемегені  үшін  партия  қатарынан  шығарылғанын 

ескерер болсақ – Рысқұловтың партияны әспеттеп, әсте құрметтемегенін, оны 

тек халқына қызмет ете білу үшін ғана таңдап алғанын айқын аңғарамыз. Оның 

үстіне, бұл тұста тек Тұрар Рысқұлов қана емес, Ресейдің қол астындағы түрк 

халықтарының көптеген саяси жетекшілері де большевиктік билікпен ымыраға 

келген еді. Əсіресе, большевиктермен істесуге құлық білдіргендер арасында ұлт-

азаттық қозғалысының көрнекті өкілдері мен жәдитшілдер аз емес-тін. Мәселен, 

Ресейдегі  мұсылман  ұлттардың  рухани  жетекшілері,  жәдитшіл  Рызаеддин 

Фахреддинов  пен  Мұса  Жаруллах  Бигиев  Қазан  төңкерісін  үлкен  үмітпен 

қарсы алғанын жасырған жоқ. Ал, Мирсаид Сұлтанғалиев, Молланұр Вахитов, 

Ғалымжан  Ибрагимов  бастаған  татар  зиялылары  мен  өзбек  Мүнәууар  Қари, 

Убайдулла  Хожаев,  Файзулла  Хожаев  сынды  жәдитшілдер  партия  қатарына 

өтумен ғана шектелмей, үкімет мүшелері болып, жауапты қызметтер атқарды. 

Сонымен  қатар,  башқұрт  ұлт-азаттық  қозғалысының  жетекшісі  Зәки  Валидов 

(Тоған),  әзербайжандық  Нариман  Нариманов  пен  Сұлтанбек  Қожанов,  Нәзір 

Төреқұлов және Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақ халқының аяулы ұлдары да 

большевиктермен ымыраға келген ұлт жетекшілері еді. Сондықтан, жоғарыда 

аты аталған тұлғалар мен басқа да ұлт жетекшілерін жаңа билікпен ымыраға 

келуге итермелеген себептердің астарына үңілуге тиіспіз. 

Жоғарыда тоқталып өткендей, бұл тұста қалың дұшпан мен қаулаған оттың 

ортасында қалған ұлт зиялыларының халық тағдырына араша түсерлік амалы 

таусылғандай  еді.  Қылышынан  қан  тамған,  Алашорданы  таратып,  Шоқай 

сынды ерлерді өлімге қиған адмирал Кольчак пен ақ генерал, атаман Дутовтың 

түрк жұртының тәуелсіздігіне төзіммен қарап, олардың тұтастығына көз жұма 

644

 ҚР МОА 74-қ. – 2 т. – 674 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет