Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет349/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

361 


бойынша, Абай қазақ әдебиетіне жаңа заманға сай ұлттық рух пен сипат берген 

ұлттық әдебиеттің шынайы реформаторы еді» – деп жазыпты Тахир Шағатай. 

Автор, Абай туралы жалпылама айтпай, оның шығармаларына да байыпты 

баға беріпті. Шағатайдың айтуынша, «Абай өз өлеңдерін халықты тануға һәм 

танытуға арнады. Халықтың кемшіліктерін көрсетіп, одан тиылуға шақырды. Ол 

халықты, елін және оның табиғатын суреттеді, өткен күндердің жарқын беттерін 

сағынды, өз дәуіріндегі халықтың жағдайына жаны ауырып, қайғырды. Халықты 

келешек  үшін  дайындық  жасауға,  оқу-білім  мен  мәдениетке  шақырды.  Абай 

қазақ жастарын, жалпы қазақ жұртшылығын елін танып, білуге, оны сүюге және 

оған қызмет етуге үндеді». 

Тахир Шағатай, шығармаларын қалың қазақтың арасында, туған ауылында 

отырып  жазған  Абайдың  көзі  тірісінде  өзіне  лайықты  құрметке  ие  бола 

алмағанына  өкініш  білдіреді

632


.  Дегенмен,  Тахир  Шағатайдың  пікірінше, 

«Абайдың ең үлкен мұрасы – оның қалыптастырып кеткен мектебі

633

. Артына 



мол  мұра,  мықты  негіз  қалдырып  кеткен  Абайдың  қазақ  әдебиетіне  әсері 

бірден  байқалды».  Автордың  сөзіне  одан  әрі  құлақ  түрсек  «Абайдың  жолын 

қуған кейінгі буын әдебиет өкілдері оның әсерімен һәм салған дара жолымен 

жүрді. Қазақ әдебиетінде бірден жаңашылдық рухы басым болып шыға келді. 

Ахмет  Байтұрсын,  Міржақып  Дулат,  Сұлтанмахмұт,  Ғұмар  Қарашұлы  және 

тағы басқалары Абай қалыптастырған әдеби мектептің өкілдері. Соның ішінде, 

әсіресе, Ахмет Байтұрсын мен Міржақып Дулат тек қазақ әдебиетінің ғана емес, 

тұтас  Түркістанның  қалыптасып,  құрылуына,  одан  кейін  1925-1930  жылдары 

кезеңінде маңызды қызметтер атқарған ерекше тұлғалар. Бұл екі азамат қазіргі 

кезде кеңестік Ресей өкіметі тарапынан «ұлтшыл» деп айыпталып, мұзға оранған 

солтүстік өлкеге айдауға жіберілген». 

Иә, қаны сорғалаған ащы шындықты айтып, Алаштың арыстарын жоқтаған 

Тахир  Шағатай,  Ахмет  Байтұрсынұлы  мен  Міржақып  Дулатты  тек  қазақ 

әдебиетінің  ғана  емес,  тұтас  Түркістанның  құрылып,  қалыптасуына  өлшеусіз 

үлес қосқан қайраткерлер ретінде еске алады. Тұтас Түркістан үшін тер төгіп, жан 

қиған Ахмет, Міржақып, Мұстафаларға рухани ұстаз болған Абай, расында ұлы 

Түркістанның ақыны емес пе? Ол өз шығармаларында Түркістан туралы бір сөз 

де жазбауы мүмкін, алайда, Абайдың ізімен жетілген шәкірттері Түркістанның 

тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында басын бәйгеге тіккен жоқ па?! 

Түркістанның азаттығы жолында бар ғұмырын сарп еткен күрескер азаматтың 

бағалауынша «Абай тек қазақтың ғана емес, сонымен қатар бүкіл Түркістанның 

да бас ақыны!». Бұл – өресі биік өзбек жігітінің жүрекжарды лебізі, шынайы пікірі 

болса керек. Өйткені, мақаладағы ойларын осымен доғармай, одан әрі өрбіткен 

автор 1954 жылы Түркияның Стамбул қаласында басылып шыққан «Түркістанда 

632

 «Yaş Türkistan» Cilt I, Istanbul 1997.



633

 Cagatay, 1932, №29, 26 s.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет