ҰЛЫ ДАЛА тарихы
368
алмайтыны да шындық еді. Міне, сондықтан, жұрты үшін жанын беруге дайын
алаш ардақтыларының жаңа үкіметпен ымыраға келуін ең әуелі шарасыздықтан
туған әрекет ретінде қарастыру керек.
Сонымен қатар, тәуелсіздіктен айырылып, шарасыз қалған Түркістандық
зиялыларды большевиктермен ымыраласуға итермелеген негізгі себептердің
бірі – большевиктер мен партия жетекшісі В.И.Лениннің ұлттар жөніндегі,
соның ішінде Ресейдің қол астындағы бодан ұлттар жайындағы пікірлері болса
керек. Өйткені, Ресейде великорустық шовинизмнің белең алып тұрған бұл
кезеңде дәл большевиктер сияқты бодан ұлттарға «жанашырлық» танытқандар
жоқтың қасы болатын. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетелік, В.И.Ленин 1913
жылы «Просвещение» журналында жарық көрген «Ұлт мәселесі жөніндегі сын
заметкалар» атты әйгілі мақаласында «Кімде-кім ұлттар мен тілдердің тең
праволылығын мойындамайтын болса және қорғамайтын болса, ұлттық езгіге
немесе правосыздық атаулыға қарсы күреспейтін болса, ол марксист емес, ол
адам, тіпті, демократ та емес», – деп атап көрсеткен болатын. Пролетариат
«күн көсемі» 1914 жылы жарық көрген «Ұлттардың өзін-өзі билеу правосы
туралы» атты мақаласында өзін ұлттардың шынайы жанашыры ретінде
көрсетуге тырысты. 1896 жылы Лондон қаласында өткен социалистік жұмысшы
партиялары мен кәсіподақтардың халықаралық конгресінің шешімдеріне қолдау
білдірген аталмыш мақалада ұлттардың өзін-өзі билеуі мен өз алдына дербес
мемлекет құруын жақтаған В.И.Ленин: «Біздер, пролетарлар, күні бұрын өзімізді
великорус артықшылығының жауы деп жариялаймыз» деп бүкіл әлемге жар
салды. Сонымен қатар, бұл ұстаным большевиктер билік басына келген алғашқы
кезеңде де өз жалғасын тапты. Дәлірек айтқанда, 1917 жылы 2 қараша күні
Ресейді мекендеген халықтарға ерікті түрде өзін-өзі билеу құқын берген “Ресей
халықтары құқықтарының декларациясы» жарияланып, 1917 жылы 20 қараша
күні В.И.Ленин мен И.В.Сталин қол қойған “Халық комиссарлары кеңесінің Ресей
мен шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына үндеуі” жарияланды. Бұл
үндеу әрбір мұсылманның жүрегіне берік орын алардай әсерлі жазылған еді:
«...Ресей мұсылмандары, Еділ бойы мен Қырым татарлары, Сібір мен Түркістан
қырғыздары (қазақтары) және сарттары, Закавказье түрктері мен татарлары,
Кавказ чешендері мен тау халықтары, Ресей патшалары мен қанаушылары
тарапынан мешіттері мен ғибадат ету орындары қиратылып, діні мен әдет-
ғұрыптары тапталып келген, барша жұрт! Бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен
әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп,
оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді
еркін және кедергісіз құра беріңіздер. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар....
Шығыс мұсылмандары, парсылар мен түрктер, арабтар мен үндістер! ...Біздер
құлатылған патшаның Константинопольді басып алу туралы құпия шарттарының
– құлатылған Керенский қолдаған шарттардың – бұдан былай жыртылып,
|