Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


МҰСТАФА МҰРАТЫ, ТҰРАР ТАҒЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет352/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   407
МҰСТАФА МҰРАТЫ, ТҰРАР ТАҒЫЛЫМЫ

 

Тұрар Рысқұлов жасырын ұйымға мүше болған ба?

Түркістан  аумағында  құрылған  ұлттық  автономиялар  большевиктік  билік 

тарапынан  күштеп  құлатылғаннан  кейін,  отарлық  езгіге  қарсы  ұлт-азаттық 

күрестің белең алғаны баршаға мәлім. Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздік 

идеясының  төңірігіне  топтасқан  ұлттық  ұйымдар  бұл  кезеңде  негізінен  үш 

бағытта күрес жүргізді: Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс  ұйымдастыру, 

үкімет аппараттары мен партия қатарында жасырын күрес жүргізу және ұлттық 

майданның  ауқымын  кеңейту.  Бұл  туралы  Мұстафа  Шоқай  «Түркістанның 

бақытсыздығы  және  одан  құтылудың  жолы»  деп  аталатын  мақаласында:  «...

Дұшпанға қарсы қарулы күресті партия, үкімет аппараттары ішіндегі күрестермен 

байланыстыру  керек.  ...Мемлекеттің  іштей  біріккен  күштерін  өздерінің  ұлттық 

тәуелсіздігі  жолында  Ресейге  қарсы  күресіп  жатқан  басқа  да  халықтардың 

күресумен үйлестіру лазым. Тығырықтан шығудың бұдан басқа жолы жоқ. Тек 

осылай еткенде ғана бостандыққа және тәуелсіздікке жету мүмкін болады», – 

деп атап көрсеткен еді

636

.

Большевиктік  билікке  қарсы  бағытталған  ұлт-азаттық  қозғалысы 



Мұхамметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайдың ұйытқы болуымен Қоқанда 

құрылған  Түркістан  ұлттық  автономиясының  тарихымен  тікелей  байланысты. 

Тұрар Рысқұловтың 1919 жылы жасаған батыл баяндамасында айтылғандай, 

Қоқан  автономиясын  қатігездікпен  талқандау  барысында  партия  басшылары 

кешіруге  болмайтын  көптеген  «қателер»  жіберді.  Нәтижеде,  Ферғанада 

большевиктік билікке қарсы ұлт-азаттық жаңа майдан ашылып, «басмашылар» 

қозғалысы пайда болды. Большевиктер мен армян ұлтшылдарының бірлескен 

күші тарапынан озбырлықпен таратылған Түркістан автономиясының тақсіретті 

тағдырына  араша  түскен  Тұрар  Рысқұлов,  ТКП  ІV  съезі  мен  Кеңестердің  VІІІ 

съезінің  коммунист  делегаттарының  1919  жылы  18  қыркүйекте  өткізілген 

бірлескен  мәжілісінде:  «…Автономиялы  Қоқан  үкіметі  –  бұл  ұлт-азаттық 

кезеңі болды. Және сіздер автономияшылдарға қалай қатыгездік жасалғанын 

білесіздер

637


» деп, жаңа үкіметті айыптай сөйлеген еді.

Басмашылық  қозғалысы  бастапқыда  стихиялық түрде  пайда  болған  еді

638



Əуелгіде  саяси  және  стратегиялық  бағыты  айқын  болмаған  қорбашылар 



қозғалысы кейінірек күреске жәдитшілдер мен зиялылардың қосылуымен бірге 

үлкен күшке айналды. Бұл тұрғыдан алғанда, жалпы халықтық сипатта болған 

636

 Mustafa Cokayoplu, 1917 Harita ParCalari, Paris-Berlin, 1937.



637

 Қоңыратбаев, 1994 . – 96 б.

638

 Есен, 1994. – 216 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет