Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет361/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

371 


биліктің жағына шығып Мәскеуге келген Зәки Валидов (Тоған) уақыт өте-келе 

көсемнің сөзінен айнып, тіпті, «шимайланған қағазды арқа тұтқаны үшін» өзін 

келемеж қылғанын ашына жазады

647


Иә,  1918  жылы  Түркістан  автономиясын  талқандаған  кезден  бастап 

большевизмге  күмәнмен  қарап,  жергілікті  билікті  сынға  алған  кейбір  ұлт 

зиялылары  «бұл  мәселені  жоғары  білмейді,  егер  Лениннің  хабары  болса, 

мұндайға жол бермейтін еді» деген сияқты үміттің жетегінде жүргені де рас. Ал, 

1919 жылдан бастап бүкіл қитұрқы саясаттың жоғарыдан бастау алып жатқанына 

олардың толық көздері жеткен сияқты. От пен оқтың арасында жүріп оқиғаларға 

куә  болған  Зәки  Валидовтың  (Тоған)  естеліктеріне  жүгінер  болсақ,  сөзімізге 

дәйек боларлық біршама деректерге ұшырасамыз. Мәселен, 1919 жылы Зәки 

Валидов  (Тоған)  пен  Тұрар  Рысқұловтың  арасында  Лениннің  великорустық 

шовинизмі жайында әңгіме болады

648


. Əңгіме барысында өзінің бастан өткерген 

жағдайы  мен  В.И.Лениннің  жақын  серіктерінің  бірі  Г.А.Петровскийден  естіген 

жайтты тілге тиек еткен Зәки Валидов (Тоған), Лениннің саясатта өте тұрақсыз 

екендігі және оның ұлттық мәселеде І Петрден өткен шовинист екендігін айтады. 

Екеу  ара  болған  бұл  әңгімеден  кейін  Тұрар  Рысқұлов  бұл  жайында  пікірлес, 

үзеңгілес достарына дереу хабарлап, оларды сақтандырады

649

.

Бұдан  кейін  сақ  қимылдаған  Тұрар  Рысқұлов  көп  уақыт  өтпей  өте  құпия 



құжаттарды  қолға  түсіріп,  бұларды  сыртқы  дүниеге  шығарып,  жариялау  үшін 

Зәки Валидиге (Тоған) береді. Коминтерн отырысынан кейін өзге ұлт өкілдеріне 

берілмей,  тек  славяндарға  ғана  жасырын  үлестірілген  бұл  құжаттарда 

большевиктердің  Ауғанстан,  Иран,  Түркия  және  арап  елдері  сияқты  шығыс 

мемлекеттерде таптық төңкеріс ұйымдастыру мақсатында түрлі айла-шарғыға 

барып, туыстық белгілер мен тілдерді ажырату, діни алауыздық пен ұлтшылдықты 

қоздыру  және  арандату  сияқты  жасырын  тапсырмалар  берілген  екен.  Міне, 

осылайша Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарының өзінде большевиктік биліктің 

жымысқы саясатын жақсы түсінген Тұрар Рысқұлов, енді астыртын күрес жолын 

таңдап алған еді. Бұл орайда, Стамбул қаласында шығатын «Себиулрешад» 

газетінде жарияланған «Большевиктердің кім екені енді белгілі болды. Алайда, 

Ресейдегі  мұсылмандардың  олармен  келісіп,  ымыраға  келіп  істесуден  басқа 

амалы да жоқ» деп жазған сөздері еріксіз еске оралады. 

Түркістанда  автономиялық  өкімет  құлатылғаннан  кейін,  билік  басындағы 

партияға мүшелікке өткендердің бірі – Түркістандағы жәдитшілдік қозғалысының 

жетекшісі  Мүнәууар  Қари  еді.  1918  жылы  компартия  қатарына  қабылданған 

Мүнәууар Қари отаршылдық сипаттағы билікке қарсы астыртын күрес жолын 

жалғастырып,  1919  жылы  Ташкент  қаласында  «Иттихат  ва  Таракки»  атты 

647

 Togan, 1943



648

 Қойгелдиев, 1995. – 368 б.

649

 Нұрпейісов, 1995, 256 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет