Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет363/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

373 


қабылдауға  мәжбүрлейді.  Алайда,  бұл  шешімдерге  отаршылдық  пиғылдағы 

орталық  пен  большевиктік  биліктің  келісуі  екіталай  еді.  Расында,  солай  да 

болды.  1920  жылы  23  ақпанда  М.В.Фрунзе  бұл  шешімдерді  «пантүркшілдік», 

«панисламшылдық»  және  «буржуазиялық  ұлтшылдық»  деп  қаралады.  Ол 

1920 жылы 14 сәуірде «күн көсем» В.И.Ленинге жазған хатында Т.Рысқұловқа 

төмендегідей  баға  берді:  «олар  белгілі  бір  коммунистік  емес  элементтерден 

құралған  және  тек  объективті  жағдайдың  ықпалымен  ғана  коммунистік  туды 

көтеруге  мәжбүр  болған  адамдар».  Түркістанның  тұтастығы  мен  тәуелсіздігі 

жолында жасалған бұл идеяға кезінде ұлттар теңдігі жайында үндеу қабылдап, 

бүкіл  шығыс  жұртшылығына  үйіп-төгіп  уәде  берген  В.И.Ленин  мен  орталық 

партия  комитеті  өре  түрегеліп,  конференция  шешімдеріне  қарсы  шықты. 

Өйткені,  Тұрар  Рысқұлов  1920  жылы  25  мамыр  күні  Компартия  Орталық 

комитеті  мен  В.И.Ленинге  жазған  қосымша  баяндамасында  Түркістанның 

мемлекеттігін қалпына келтіру, Мұсылман Қызыл Армиясын құру, шет елдермен 

дипломатиялық  және  экономикалық  байланыстар  орнату,  Түрккомиссия 

мен  шовинистік  рухтағы  орыс  коммунистерін  Түркістаннан  алып  кету  сияқты 

талаптар қойған еді. Коммунистік партия жетекшілері Рысқұловтың әрекетінен 

шошынып,  оны  дереу  «пантүркшілдікпен»  айыптады.  «Рысқұловшылдық» 

деген атау пайда болған осы кезеңде бір белсенді тіпті, екпінін баса алмаған 

күйі «Валидов пен Рысқұлов сияқты ұлтшылдарды жергілікті жұмысшы табының 

дұшпаны және халық жауы ретінде әшкерелеу қажеттігін» айтады. Бұл жайында 

кейінірек Зәки Валидов (Тоған) былай деп жазды: «1920 жылы 4 ақпанда болған 

бас қосуда Тұрар Рысқұлов пен «Иттихат ва таракки» партиясының өкілі Емин 

Ефендизаденің Түркістанда Түрк республикасын құру, «түрк ұлттық армиясын» 

жасақтау және ішкі мәселелерді Түрк республикасының еркіне қалдыру сияқты 

ұсыныстары өтпей қалды. Большевиктер Рысқұловқа сенуден қалды.» 

Сондай-ақ,  мұсылман  коммунистерінің  жетекшілерінің  бірі  Мирсаид 

Сұлтанғалиев  орталықтың  отаршылдық  пиғылдағы  бұл  шешіміне  қарсы 

наразылық  білдіреді.  Бірақ,  орталық  партия  комитеті  М.Сұлтанғалиев  пен 

өзге  де  Түркістандық  мұсылман  коммунистердің  пікірлерін  құлаққа  ілген 

жоқ.  Бұның  есесіне,  1923  жылы  Мирсаид  Сұлтанғалиевтің  ісі  қаралып,  әйгілі 

«сұлтанғалившілдік» деген атау пайда болған кезде Тұрар Рысқұлов та идеялас 

серігіне араша түсіп, «Сталин қателеседі!» деп ашық айтқан еді. Өйткені, Тұрар 

Рысқұлов  пен  Мирсаид  Сұлтанғалиев  бастаған  мұсылман  ұлт  зиялылары 

өздерінің алдына отаршылдардың езгісінен құтылып, ұлттық тұтастық пен толық 

тәуелсіздікті мақсат етіп алған еді. 

Бұл  кездері  Түркістанның  азаттығы  үшін  эмиграцияда  жүрген  Мұстафа 

Шоқай, Тұрар Рысқұловтың жасаған батыл іс-әрекетіне жоғары баға берді. Ол 

1923  жылы  жарияланған  «Түркістанда  ұлттық  қозғалыс»  атты  мақаласында 

Тұрар  Рысқұловтың  бастамасын  «өзбек,  қазақ,  қырғыз,  башқұрт  және 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет