Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет359/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

370 


Расында,  түрк  халықтарының  рухани  жетекшілері  мен  зиялыларының 

басым  көпшілігі  жаңа  өкіметтің  ұзақ  ғұмырлы  болатынына  тіпті  де  сенбейтін 

еді. Мәселен, өз естеліктерінде «біз Кеңес өкіметінің бірнеше жылдың ішінде 

күйрейтініне  кәміл  сенімді  едік»  деп  жазған  Мұстафа  Шоқай,  большевиктік 

биліктің  әрі  кетсе  үш  жылдан  аспайтынына  күмән  келтірмейтін  еді.  Өйткені, 

олардың  ойынша,  Еуропа  елдерімен  салыстырғанда  барынша  артта  қалған, 

жұмысшы табы әлсіз, ал шаруалары сауатсыз Ресей сияқты елде пролетариат 

диктатурасының орнайтынына сенбейтін еді. Сондықтан, Мұстафа Шоқай шет 

ел асып, Грузия барғанда да, одан әрі Стамбул арқылы Парижге жол тартқанда 

да,  тәуелсіз,  тұтас  Түркістан  мемлекетіне  қайтып  ораламын  деген  ойдан 

арылған емес еді.

Қалай  болған  күнде  де,  халықтың  ұлтшыл  ұлдарының  большевиктік 

партия қатарына жеке бастарының пайдасын күйттеп кірмегендері анық. Олай 

болған  күнде,  олар  ұлты  үшін  бастарын  бәйгеге  тігіп,  ашық  күреске  шықпас 

еді.  Ұлтымыздың  ұлағатты  ұстазына  айналған  Ахмет  Байтұрсыновтың  ОГПУ 

тергеушісіне берген жауабында айтқан «қазақтың мұң-мұқтажын қандай билік 

қамтамасыз  ете  алса,  сол  билікке  ризамын»  деген  мазмұндағы  сөзі  мұның 

жарқын  мысалы  болса  керек.  Жаңа  үкіметті  қолдап,  оның  қаз  тұрып  кетуіне 

қызмет жасаған, алайда Сталиннің тұзағына да бірінші болып іліккен Мирсаид 

Сұлтанғалиев  та:  «Мен  большевиктердің  жанында  өз  ұлтымды  сатып,  оның 

қанын сору үшін жүрген жоқпын. Жоқ! Жоқ!» деп жазған болатын. Міне, сондықтан, 

ұлтының  қасіретті  тағдырына  қабырғасы  қайысып,  жаны  ауырған,  сол  үшін 

жанқиярлық жасап, билікпен күресіп, тым болмағанда оның саясатымен іштей 

келіспей кеткен азаматтарды біз «жаппай қуғын сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа 

шеккендер» қатарына жатқыза алмаймыз. Өйткені, біздің түсінігіміз бойынша, 

олар  тәуелсіздік  жолында  жанын  қиған  азаттық  шейіттері.  Бұл  арада,  Кеңес 

үкіметіне қалтқысыз қызмет етіп, оның тапсырмаларын мүлтіксіз орындағанына 

қарамастан, қожайынның қармағына ілігіп, «жазықсыз жапа шеккендердің» де 

жоқ емес екеніне назар аударғымыз келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет