Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет384/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

390 


абызбен ақылдаса  отырып, жат будда  дінінің  экспансиясына тойтарыс беріп, 

байырғы  Тәңір  сенімі  дәстүрін  бекемдеп,  күмбезді  ғұрыптық  ғибадатхана 

соқтырды,  түрктердің  ұлы  құрылтайын  шақырып,  анттасқан  ру-тайпалардың 

таңбасын  Мәңгітасқа  бәдіздеді,  жат  жұрттың  жазуына  байланбай  түрктің  төл 

әліпбиін жасақтатты. Ұлы қағанның ұлдары Білге мен Күлтегін күлігін сайлап күн 

түбіне дейін күңірене жортты, бөрілі байрағын аспанға асқақтатты. Сол көне түрк 

дәуірінде қасиетті қоныс, мәңгі аңсар өлке Өтүкен, Жерұйық культі қалыптасты. 

Күллі  түрктер  асыл  қағанын  ардақтап,  оны  Елді  терген-жиған  Елтеріс  қаған 

деп атаса, осы сабақтастықты ғасырлардың салқар көшінен кейін Елбасының 

қайраткерлік тұлғасынан да толық байқауға болады.

Алтын  орда  ұлысы  кезеңінде  киелі  жер-су,  атажұртты  пір  тұту  өнегесі  өз 

жалғасын  табады.  Мейманасы  тасыған,  ырысы  шалқыған  Ұлы  далада  «қой 

үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған»  мамыражай  заман  орнайды.  Қазақ  ордасы 

кезеңінде  дала  философы  Асанқайғы  желмаясына  мініп,  киелі  жер-суды 

түгендеп,  жер  жанаты  Жиделібайсын  өлкесін  межелейді.  Қадым  заманнан 

ұласқан тарих сүрлеуінің іздері, ата-баба ақыл-парасатының жарқын жаңғырығы 

бүгінгі әлеуетті де сәулетті Қазақ еліне нұрлы шырақ болуы заңды. 

«Көп  түрк  енші  алысып  тарасқанда,  қазақта  қарашаңырақ  қалған  жоқ  па» 

деп алдаспан ақын Мағжан жырлағандай Елтерістің ізін басқан бүгінгі тегеурінді 

ұрпағына Елбасы деген атауды аузы дуалы алаш бекер қоймаса керек. 

Елбасы  Кеңес  үкіметі  қирандысынан  елімізге  тәуелсіздікті  өзі  айтқандай 

«бабалардың  даналық  жолымен»  бейбіт  тәсілмен  алып  берді.  Экономикасы 

күйреген,  этникалық  бірлігі  шиеленіскен,  демографиясы  әлжуаз,  экологиялық 

апатқа ұшырап, әлеуметтік күйзеліске душар болған елді қысқа мерзім ішінде 

әлемдік  қауымдастықта  жоғары  беделге  ие,  сарабдал  саясаты  бар  еңселі 

мемлекетке  айландыра  білді.  Азаттықтың  табалдырығын  аттай  сала  атом 

аждаһасынан  бас  тартқан  парасатты  ел  екендігін  дүйім  дүниеге  әйгілеп, 

Қазақстандық даму жолдың ерекше формуласын ашық көрсете білді. Ұлтаралық, 

дінаралық қақтығыстар салдарынан соғыс ұшқыны айналаны шарпып жатқанда 

еліміз достық пен бауырмалдықтың, парасат пен ізгіліктің аралына айналды.

Сабырлы  халқын  арқатірек  еткен  стратег  Елбасы  ұлттық  идеологияны 

ұран етіп ұпай жинаған арзанқол жасанды саясаттан бойын аулақ ұстады. Ең 

алдымен  елін  өрге  сүйрейтін  экономикалық  реформаға  күш-жігерін  арнады. 

Ұлы дала бүгінде шын мәнінде шығыс пен батысты тоғыстыратын әлеуетті көлік 

қатынастарының торабына айналды. Сарыарқа төріне керегесін керген Астана 

қазір  әлемдік  қауымдастықта  саяси-әлеуметтік  мәртебелі  оқиғалар  өтетін 

бітімгерлік  пен  іскерліктің  салиқалы  мінберіне  айналды.  Астана  сөзі  –  көне 

танымда қасиетті босаға, табалдырық деген мәнге ие. Олай болса әсем Астана 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет