Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет79/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

82 


Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі со дан шыққан сияқты. Əу баста «Қа-

лыбында құты бар қастерлі кісі», Абайша айтқанда «то лық адам» деген мағына 

берсе керек. Сонымен қатар ғима рат тың биіктігі 18 метр болған

138


. Бұл «он сегіз 

мың ғалам» деген ұғым ға сая ды. Яғни түрк жұр ты зең гір көк тегі құбы лыс тарды, 

жұлдыз дарды ерте заманда-ақ танып, ға лам ның тылсымдарына ұмты ла біл ге нін 

байқаймыз.  Тіпті  «сегіз  қыр лы,  бір  сырлы»,  «он  сегіз  мың  ғалам»  деген  ұғым-

дар Ұлы далаға ислам діні кел мес тен бұрын біздің баһадүр баба лар қолданған 

түсінік-пайым деуге болады. Бұл өз кезегінде далалық өркениетте, көшпелілер 

әлемінде моно теистік нанымның өте ерте қалыптасқанын байқатады. Кешеннен 

бәдіз,  тас  мүсін,  оның  бөлініп  қалған  басы,  тұғыртас  және  үш  арыстан  мүсіні 

табылды.  Екі  арыстанға  абадан  жабысып  тұр.  Түрктің  танымында  арыстан 

биліктің,  күш-қайраттың  белгісі  саналады.  Ал  бөрітас  –  еркіндіктің,  қойтас  – 

байлықтың,  молшылықтың,  қозы  –  берекенің,  өсіп-өнудің  сим волы.  Кешеннен 

қозылы қой, қошқар бейнесіндегі тас мүсін дер де табылды. Халықаралық Түркі 

академиясы жүргізіп жат қан археологиялық қазба жұмыс тары Тәңірлік танымның 

клас си калық үлгідегі дін екендігіне заттай айғақтар ұсынып отыр. 

Бағзы замандағы көпте ген халықтар, мысалы көне мы сырлықтар, гректер мен 

римдіктер, үнділер мен парсылар, арабтар өз дәуірінде көп құдайға сыйынып, 

түрлі пұт қа табынған халықтар болса, түрктер бір Тәңіріге мо йынсұнып, жалғыз 

Жаратушыға  жалбарынған.  Бәлкім  содан  да  шығар,  түрктердің  исламды 

қабылдауы жеңіл болды. Есте жоқ ықылым заманнан бері жалғыз Жаратқанды 

–  «Мәңгі,  Көк,  Иди,  Баят,  Чалаб»  сияқты  түрлі  сипаттарымен  танып,  құдіретті 

Тәңірге  табынып,  о  дүние  мен  ақыретке  иланған,  тағдырдың  да  Тәңіріден 

боларына  сенген,  пайғамбарға  «ялавач,  елші»  сияқты  атаулар  берген  текті 

түрктер  құрбандық  шалып,  кесене  тұрғызып  қана  қоймай,  арнайы  ғибадат 

орындарында  құлшылық  еткен.  Біз  зерттеу  жүргізіп  жатқан  ғұ рып тық  кешен  – 

бұған нақты дәлел.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет