Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет87/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

94 


насихаттау және түрк елдерінің ықпалдастығын арттыру мақсатында жыл сайын 

халықаралық экспедициялар ұйымдастырып келеді. Атап айтқанда, 2014 жылы 

түрктердің  алтын  бесігі  –  Алтайдағы  VII-VIII  ғасырларға  жататын  «Қарақаба» 

атты түрк дәуірінің қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба 

жұмыстары барысында жанында қару-жарақтары мен қобызы бірге жерленген 

түрк  жырауының  қорымын  тауып,  ерте  ортағасырлық  түрк  тарихына  қатысты 

тың мәліметтерді ғылыми айналымға енгізді.

Ал, 2016 жылдан бері Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым 

академиясының Тарих, археология институтымен бірлесіп, Моңғолияның Булган 

аймағы  Баян-Агт  сұмынындағы  (ауданындағы)  «Шивээт-улаан»  ғұрыптық 

кешеніне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді

140


.

Аталмыш  ғұрыптық  кешен  байырғы  түрктердің  атамекені,  Орхон 

ескерткіштерінде  жиі  айтылатын  Моңғолия  даласындағы  киелі  Өтүкен 

жазығында,  Ханұй,  Хүнүй,  Могойн  гол  атты  үш  өзеннің  құйылысқан  жерінде 

орналасқан.  Жергілікті  халық  табиғи  түсіне  қарап  «Шивээт-улаан»  яғни 

«шарбақты қызыл, қорғанды қызыл, дуалды қызыл тау ескерткіші» деп атайды.

Моңғолия өңірі байырғы түрктердің мемлекет құрып, билік жүргізген саяси 

орталығы  болғандықтан,  мұнда  алғашқы  Түрк  қағандығының  билеушілері 

Бұмын, Мұқан, Татпар және “Екінші шығыс” түрк қағандығының билеушілері Білге 

қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Мойын чұр секілді түрк дәуірінің белгілі қағандарының 

ескерткіштері  сақталған.  Моңғол  халқының  өзі  көздің  қарашығындай  сақтап 

отырған бұл ескерткіштер түрк халықтары үшін де өте құнды мұралар болып 

табылады. 

Қағандардың  құрметіне  киелі  жерлерге  орнатылған  мұндай  ғұрыптық 

кешендер  көне  түрк  қоғамында  әуелде  «қорық»  деп  одан  кейінірек  «барық» 

деп  аталды.  Ол  жерлер  қаған  иелігіне  айналып,  бөгде  адамдардың  кіруіне 

рұқсат етілмеген. Сол себепті де көне түрк дәуірінде киелі орындар қоршалып, 

қорғалған  және  ол  жерлерде  бейсауыт  жүруге,  мал  бағуға  рұқсат  етілмеген. 

Қазір  де  «Шивээт-улаан»  кешені  маңында  тұратын  жергілікті  тұрғындар  бұл 

кешенді киелі орын деп біледі.



Кешеннің зерттелу тарихы.

 Өткен ғасырлардан бастап бірқатар ғалымдар 

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешеніне, оның құрамындағы тас мүсіндер мен «Мәңгі 

тасқа» бірқатар зерттеулер жүргізіп, кешеннің құпиясын ашуға алғы қадамдар 

жасаған.


«Шивээт-улаан» ескерткішін алғаш рет 1909 жылы фин ғалымы Г.И.Рамстедт 

көріп, алғашқы пікірлерін білдірген болатын

141

. 1927 жылы Б.Бамбаев арнайы 



экспедициялық  зерттеу  жүргізіп,  тас  мүсіндердің  қысқаша  сипаттамасын 

140


  Қыдырәлі,  Цэвээндорж,  Энхтөр,  Базылхан,  Бөгенбаев,  Далантай,  Буянхишиг,  Умиров,  Мөнхбат, 

2018.


141

 Ramstedt, Granö,Aalto, 1958. – N 60. – S. 62 – 76. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет