Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет81/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

83 


бұрын ғылымға мүлде белгісіз болып келген, 30 шаршы метр ау мақты құрайтын 

көне кешен топырақ астынан аршылып алынды. Жан-жағы топырақ қорғанмен 

және  айналасы  терең  ормен  қоршалған  кешенде  бөренеден  жасалған,  үсті 

қышпен  жабылған  ғибадатxана  бар  екені  анықталды.  Оның  сыртқы  көрінісі 

Тоныкөк кешеніне көбірек ұқсайды. Ордың ішінен қыш құмыра, жылқының және 

құрбандыққа  шалынған  малдардың  сүйек тері  табылды.  Ең  басты  олжа мыз  – 

осы  ордан  ер  адам  мен  әйелдің  бейнесі  қашалған  бәдіз  тастардың  табылуы 

болды. Ер азаматтың мүсіні бүркіт қа бақты, қыр мұрынды, сұсты, са лалы сақалы 

бар жауынгер кө сем болып шықты. Ал әйел мүсіні – басына көшпелілердің шо-

шақ бөркін киген түрк аруы. Кешендерде әйел мүсінінің өте сирек кездесетінін 

ескер сек,  бұл  аса  құнды  жәдігер  болды.  Осылайша  бұған  дейін  түрктердің 

табаны ти меген деп келген Моңғолия ның сол түстік-шығыс тара пын дағы киелі 

Керулен-Кен тей ай ма ғының да батыр баба лары  мыздың құтты қонысы болған-

дығы айқындалды. 

Дүниеде  тарихты  жасаушы  ұлттар  болады,  жазатын  ұлттар  болады.  Түрк 

жұрты тарихты жасаған, сонымен бірге өз тарихын тасқа қашап жазған кемел 

ел. Даңқты бабаларымыз арман-аңсарын мәңгі тасқа қашап қалдырған, туған 

жердің  әр  тасына  қаһармандық  тарихын  бәдіздеп  жазып,  оюмен  өр нектеген 

ойшыл  ха лық.  Бай қалдан  Балқанға,  Керулен нен  Дунайға  дейінгі  байтақ  қо-

ныстың  әрбір  тасы  таңбаланып,  паспортталған,  оны  көзінің  қарашығындай 

сақтаған бабалар аманаты бізге ұласқан. Соның бір айғағы – құтты қоныс, киелі 

мекен Өтүкен мен Керуленнен табылып жатқан тас мүсіндер мен бәдіз тастар. 

Моңғолия ұлттық музейі нің директоры, тарих ғылым дарының докторы Даг-

ваадоржийн Сүхбаатар ке шен дегі зерттеу жұмыстарына байла нысты «Керулен» 

жобасы  –  Ха лықаралық  Түркі  академиясы  мен  Ұлттық  музейдің  бірлескен 

кешенді ғылыми бағдарламасы. Олай болатыны ұлы қағандардың алтын бесігі 

Хэнтай аймағы Керу лен алқабындағы түрк дәуірі ес керткіштеріне бұрын-соң ды 

археологиялық  қазба  жұ мыс тары  жүргізіле  қоймаған  тың  өңір.  Биылғы  жылы 

архео логиялық қазба жүргізілген, шамамен VI-VIII ғасырға тиесілі делінген көне 

түрк ғұрыптық кешен әуелі ғылымға мүлде белгісіз болып келген. 30 шаршы метр 

аумақты құрайтын көне кешен ұзақ ғасырлар барысында топыраққа басылып, 

қымталып  қалған.  Осы  кешенді  Халықаралық  Түркі  академиясымен  бірлесіп 

зерттеуді қолға алып, түрк дәуірінің жәдігерін байытатын олжаларға тап болдық», 

деген  болатын.  Ал  Моңғолия  ұлттық  музейінің  ғылыми  қызметкері,  археолог 

Чинболд Баяндэлгэр: «Хаяхудаг» көне түрк кешені әйгілі Керулен дариясының 

солтүстігінде ұлы хандарды таққа көтерген қасиетті алқапта орналасқан. 2017 

жылы Түркі академиясы мен музей «Бұрхан Халдуннан Ұлытауға дейін: тарихи 

жадының  жаң ғыруы»  деген  экспедиция  жасап,  ғалымдарымыз  Жошы  күм-

безіне де зиярат жасады. Биыл, міне, ғұрыптық кешеннен олжалы оралдық. Бұл 

жәдігерлер – көне түрк тарихи мұраларын толықтыра түсетін қымбат қазына. Біз 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет