ҰЛЫ ДАЛА тарихы
195
Тоныкөк ескерткішінде де бұл тәуелсіздік күрестері мына сипатта келтіріледі:
«Ойда, қырда қалғаны жиылып, жеті жүз болды. Екі бөлігі атты еді, бір бөлігі
жаяу еді. Жеті жүз кісіні ерткен ұлығы шад еді. «Ілесіңдер» деді. Ілескен мен
едім – Білге Тоныкөк. «Қаған сайласам ше?» дедім....Осылайша, Тәңірі ақыл
берген соң өзім оны қаған еттім, Білге Тоныкөк – бойла баға тарханмен
(Мен, Елтеріс, қаған болайын) деді. Түстікте табғашты, шығыста қиданды,
терістікте оғызды көп жаулап, бағындырды. Сөз ақыл иесі мен болдым, Шұғай
құзында, Қарақұмда отырушы едік» (Тоныкөк, Батыс беті мәтіні 4-7. жолдар)
378
.
Мемлекеттің орталық аймағы болған Орхон алқабы мен оның төңірегіндегі
одақтас отыз түрк тайпасы болды. Мемлекеттің қаған басқарған билік орталығы
ič>іч (ішкі орда), шығыс қанаты töles>төлес, батыс қанаты tarduš>тардуш деген
сол және оң қанатқа, орталық ордаға бірлестіретін басқару жүйесі болды. Оның
сыртында Моңғолияның түрлі аймақтарындағы қарлұқ, ұйғыр, оғыз, сыр (қыпшақ)
тайпалары, Оңтүстік Сібірдегі қырғыз, аз, чік тайпалары, Байқал төңірегіндегі
құрықан, байырқұ, тоңыра, Қиыр Шығыстағы татар, қидан, татабы (қай)
тайпалары секілді көпшілігі түрк, бір бөлігі моңғол мен тұңғыс текті тайпаларды
бағындырып, қайтадан Түрк қағандығы («Екінші шығыс» қағандығын) саяси
шаңырағы астына біріктіріп алады
379
.
Күлтегінге арналған ғұрыптық кешен. Археологиялық қазбадан бұрыңғы
көрініс. Чехословакия-Моңғолияның бірлескен экспедициясы. Лумир Йисл,
Намсрайн Сэр-Оджав жетекшілік еткен 1958 жылғы археологиялық
зерттеулері (Lucie Šmahelová, 2010.105)
378
Жолдасбеков,
Сартқожаұлы, 2005.
379
Golden, 2002, S. 111