Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет179/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

197 


Білге  мен  Күлтегін  билік  еткен  жылдары  аз  да  болса  түрк  халқының 

мамыражай,  бейбіт  заман  кешкенін  жоғарыдағы  жыр  жолдарынан  көреміз. 

Елдікті,  түрк  халқын  сақтау  жолында  қытай-табғаштармен  бірнеше  рет  ірі 

шайқастар  жасап,  соғысып,  кей  уақыттарда  бейбіт,  туыстық  шарттар  да 

жасасып,  сауда-саттық  қарым-қатынастарын  тұрақты  жолға  қойған  кездері 

де  болды. Бұл  кезеңдегі  халықтың әл-ауқаты едәуір  жоғарылап, мемлекеттің 

экономикасы да ілгері басқанын археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Б.з. 

682-744 жылдары билік құрған «екінші шығыс» Түрк қағандығына тиесілі қазіргі 

Моңғолия даласындағы археологиялық қазбалардан алтын, күміс, керамикалық 

ыдыстар, белдіктер, алуан түрлі асыл тасты әшекей бұйымдар, жібек маталар 

табылған.  Бұл  сол  кездерде  түрк  мәдениетінің  өркендеуін  және  қағандықтың 

әл-қуатын заттық айғақтар тұрғысынан айқын көрсетеді.

VIII ғасырдың орта кезеңінен бастап Түрк империясының ішкі-сыртқы саяси 

себептеріне байланысты империя құлдырауға бейім тұрған еді. Осы кездерде 

Тоғыз-оғыздар,  қарлұқ,  басмыл  секілді  тайпалық  одақтар  қағандықтың  билік 

тізгінін  қолға  алды.  Сөйтіп,  744-745  жылдары  Тоғыз-оғыз  (ұйғыр),  қарлұқ, 

басмылдардың  әскери  одағына  төтеп  бере  алмаған  Ашина  әулетінің  Құтлық 

Йабғұы  қайтыс  болады.  Құдіретті  де  қуатты  болған  саяси  биліктің  тұтқасын 

«ұйғыр»  этносаяси  бірлестіктерінің  қағандары  жалғастырады.  Ғалымдар 

«ұйғыр» этнополитонимнің семантикасын көне түрк тіліндегі «uyu-, uyï- ұйысқан, 

ұйымдасқан» деген мағынада деп түсіндіреді.

Тоғыз-оғыздардың yaγlaqar>йағлақар тайпасының өкілі «Пейло» өзін Құтлұқ 

Білге  Күл  қаған  (744-747жж.)  деп  жариялап,  Ұйғыр  қағандығын  (этносаяси 

бірлестігін)  құрады.  Құтлұқ  Білге  Күл  қағанның  ұлы  Баянчұр  («Мойынчұр») 

немесе Ел Eтміш Білге қаған

 (747-759жж.) таққа отырған соң, әкесінің әскери-

саяси  іс-қимылдарын  одан  ары  дамытып,  750-751  жылдары  қырғыз,  чектер 

мен қидандарды бағындырады. Бұл кезде Ұйғыр қағандығының жер аумағының 

шығысы Шивэй мемлекеті, батысы Алтай тауы, оңтүстігі Ғоби шөлі, солтүстігі 

қырғыздарға  дейін  жетіп,  ірі  аумақты  қамтып  жатты.  Бұл  бұрынғы  Ғұн,  Түрк 

империясының ордалық жер аумағымен шамалас келеді деген сөз. Мұны тарихи 

зерттеулерде «Ұйғыр қағандығы» деп атайды. 

Қаған  әулетін  Тоғыз-оғыздардың  «йағлақар»  әулеті  басқарды.  «Ұйғыр 

қағандығы» этносаяси бірлестіктер негізінде жаңа сипаттағы

383


 Түрк қағандығы 

(745-840  жж.)  бой  көтерді,  мемлекеттік  құрылымы  жаңадан  жасақталып 

құрылды.  «Екінші  шығыс»  Түрк  қағандығының  құрамындағы  тайпалардың 

көпшілігі жаңадан құрылған қағандықтың құрамында қала берді. 

383

  Тарихи  әдебиеттерде  «ұйғыр»  атауы  орнына  «біріккен»  деп  қате  қолданып  келеді.  Қағандық  та 



өздерінің билік жүйесін "ұйғыр қағандық" деп ресми түрде атаған еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет