Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
2. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
3. Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500 – Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012
3-Дәріс. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістері
Жоспары:
1. Психодиагностикалық тесттердің классификациясы
2.Проективті техникалық: тестілік, суреттік, бақылау.
3.Контент-талдау құжаттары. Диологтық техникалар: әңгімелесу, интерактивті ойындар.
Психология зерттей құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты Жеке адамды зерттеуде Кэттелдің психодиагностикалық әдістемесінің бірнеше түрінің сипаттамасын келтіруге болады. Жеке тұлғаны зерттеуге арналған психодиагностикалық тестер. Түрлі материалдарды, сұрақтар мен тапсырмаларды сөздік сипаттау немесе сұрақ-жауап тәсілі. Вербальды емес әдістер. Суреттер негізінде әңгіме құру. Дифференциалды –диагностикалық тестер.
Психодиагностикалық тестердің мазмұнына қарй төмендегі топтамасын көрсетуге болады:
- Типологиялық тест- мұнда тестілеуге жеке тұлғаның мінезі, темпераменті, нерв жүйесін диагностикалы жәнезерттелінушінің мақсаты, қызығушылығы, шыдамдылығы зерттеледі.
Тестілеу сапасына стандартты және стандартты емес тестер, яғни:
- жалпы диагностикалық (Кэттелл, Айзенк, Векслер сауалнамалары және т.б.);
- кәсиби тестер (Армиялық классификациялық тест);
- қасиеттерді зерттеу тестері (техникалық, музыкалық және т.б.);
- жетістікке жетуді зерттеу тестері. Сонымен қолданылатынжабдықтарға байланысты тестер төмендегідей болып бөлінеді:
- бланкілік тестер («қарындаш-қағаз») қолдану арқылы;
- Вэкслердіңқиын фигураларын қолдану; - аппаратты тесттер, олар:ойлау, ес, зейін-танымдық процестерді зерттеу тестері;
- компьютерлік тестер. Қолданылу аясына қарай психодиагностикалық зерттеу әдістерін төрт топқа бөлінеді:
1. Ұйымдастырылған әдістер.
2. Эмпирикалық әдістер.
3. Мағлұматтарды өңдеу әдісі.
4. Интерпретациялық әдістер.
Психодиагностикалық әдістер бағыттарына сәйкес қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген кейбір авторлардың топтамасын ұсынуға болады:
І. Й.Шванцар бойынша психодиагностикалық әдістердің топтамасы:
1. Қолданылатын мәліметтерге сәйкес (Вербалды, вербалды емес, манипуляциялық тест және т.б.).
2. Алынған көрсеткіштердің санына қарай «Дұрыс» және әртүрлі жауаптары бар тестер.
3.Зерттелушінің психикалық белсенділігі бойынша: -адамның өз санасының ішкі әлемін зерттеуі (зерттелінушінің өз тәжірибесіне сүйене отырып тұжырым жасауы): сауалнма, әңгімелесу; сыртқы әлемге назар аударуы (бақылау және әртүрлі құбылыстарды бағалау); -зерттелуші тұлғаның санадан тыс қасиеттерін көрсететін жобалау тестері;
ІІ. В.К Гайде, В.П Захаров бойынша психодиагностикалық әдістер топтамасы: 1.Сапалық көрсеткіштеріне қарай: стандартты және стандартты емес.
2.Қолданылу мазмұнына қарай:
- жалпы диагностикалық (Р.Кеттелл және Г.Айзенк жеке адам типінзерттеу тесті; интеллектіні зерттеу тесті);
- кәсіби қолайылылық тесті;
- арнайы қабілеттіліктізерттеу тестері (техникалық, әуендік, ұшқыштарға арналған тестер);
- жетістіктерді зерттеу тестері;
3.Зерттенушінің тірек материалдары бойынша:
- бланктік;
- заттық (КООС кубиктері, «Векслер жинағындағы пішіндерді жинау»);
- аппараттық (зейін ерекшеліктерін зерттеуге арналған құралдар).
4.Зерттеушілердің санына байланысты: дара және топтық.
5.Жауап беру формасы қарй: жазбаша, ауызша
6.Бағыт-бағдарды тексеруге байланысты: жылдамдықты, күшті анықтауға арналған тесттер, аралас тесттер. Тесттегі тапсырмалар күрделі және оны орындау уақыты шектеусіз; зерттеушіні жетістікпен қатар, тапсырманы орындау тәсіліде қызықтырады.
7.Тапсырманың біртектілігіне байланысты: гомогенді және гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір- біріне ұқсас, белгілі бір тұлғалық және даралық қасиеттерді өлшеуде қолданылады). Гетерогенді тест тапсырмалары әртүрлі интеллект сипаттарын анықтауға арналған.
8.Жинақтылығы жағынан: оқшаулаған тесттер және тесттер жинақтары. 9.Тапсырмаларға жауап беру қасиеті бойынша: жауаптары бар немесе еркін жауап қайтаруға болатын тесттер.
10.Психиканы қамту ауданы: жеке тұлғаға бағытталған және ақыл-ой тесттері. 11.Ақыл - ой әрекеті сипаты бойынша: вербалды, вербалды емес.
ІІІ. А.А.Бодалев, В.В.Столин бойынша психодиагностикалық әдістер топтамасы:
1.Әдістемелік сипаты бойынша:
- Объективті тесттер (дұрыс жауаптың болуы мүмкін, яғни тапсырма дұрыс орындалуы тиіс)
- Стандартты тестер.
- Сұрақнамалық ашық тесттер.
- Шкалалық-техникалық тесттер (Ч.Осгудтың семантикалық дифференциалдық тесті).
Субъективті тестер:
жеке- бағдарлық техникалық, сюжетті - рольдік ойындар.
- Проективті әдістемелер;
- Диалогтық техникалар (сұқбаттар, диалогты ойындар)
2.Психодиагностика процедурасының жүзеге асуы және оның нәтижеге тигізетін әсері: объективті және диалогтық болып бөлінеді. Ал, енді әдістер топтамасына тоқталайық:
1) Әдістердің нәтижелерін өңдеу – суреттер менбейнелер негізінде зерттеу. Бұған ТАТ,САТ, Розенцвейгтің фрустрациялық тесті, Жиля тесті, Сонди тесті жатады.
2) Г.Роршах тесті .
3) Конструктивті әдіс.
4) Шығармашылық әдіс.
Психологияда психиканы зерттеу объективтіқағида болып табылады. Бұл қағида кез -келген психикалық құбылысты сол күйінде зерттеу қажеттілігін білдіреді. Отандық психологтарда Роршахтың әдісін қолданудың алғашқы талаптары 20-30 жылдарға жатады және де невроз, психопатия, эпилепсияны диагностикалау үшін конституциялық типтермен байланыстағы тұлғаның аномалдылығын анықтауға бағытталған.
Тұлғаны зерттеу әдістерінің ерекше тобын белгілеу үшін ’’проекция’’терминін пайдаланудағы артықшылыққа Л.Фрэнк ие болды.
Проекция (лат. Projectio - алға тастау) - индивидке бей жай елесті сыртқы дүниеге біржақты тенейтін психикалық процестің көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |