Dbbbdd 5106-Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау пәнінен



бет5/16
Дата18.05.2023
өлшемі63,01 Kb.
#94602
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ЛТ Даму

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
2. Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
3. Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500 – Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012


4-Дәріс. Баланың дамуы психодиагностикасы
Жоспары
1. Дамуында бұзылысы бар балаларды психологиялық диагностикалау ерекшелігі
2. Дамуында бұзылысы бар балаларды психологиялық диагностикалау жұмысының мазмұны
Тірек сөздер:Коррекция, сюжетті суреттер

Қалыпты және дамуында бұзылуы бар балалардың дамуындағы негізгі заңдылықтар бірдей. Дамудағы бұзылуышылық диагностикасы комплексті, жан-жақты, жүйелі түрде болуы қажет. Баланың психикалық дамуы тұралы бір ғана симптомы бойынша қорытынды шығару қажет болады. Балаларды зерттегенде оларда болатын бұзылысты анықтау және дұрыс диагностикалау үшін әртүрлі мамандар қатысуы қажет: дәрігер, психолог, дефектолог, логопед. Бұл тәсіл балалардың дамуындағы бұзылуышылықты дұрыс анықтауды және дамуларының клиникалық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Аномалды дамудың диагностикасында баланың жоғарғы психикалық процесінің жүйелі анализінің ерекше мәні бар. Зерттелетін баланың нейро-психологиялық, неврологиялық, психолого-педагогикалық ерекшеліктерін жүйелі, комплексті түрде анықтау қажет. Баланы зерттеу сөйлеудін басқа функциясынан, психологиялық базадан басталады. Оқушылардын күнделікті әрекет ету структурасының қандай бөлігі немесе бірнеше бөліктері қалыптаспаған немесе бұзылған екендігін анықтап алып. Балаларды ары қарата зерттеп және түзетуді дұрыс жүргізуге себеп болады. Бұл жағдайда баланың нені білетінін, нені білмейтіндігін анықтау мен қатар, оларды неге үйретуге болады, нені игере алатындығы есепке алынады


Баланың психикалық функциясын зерттегенде, оларды күнделікті тұрмыс жағдайларына және тәрбиеленуіне, басқа балалармен қарым-қатынасына назар аударылады. Бұл зерттелуде балалардың жас мөлшері ескеріледі, себебі әр кезеңце зерттеудін өз ерекшеліктері болады. Олардын назар аудару қабілеті, қабылдауы, еске сақтау қабілеті, интеллекті, эмоциялық реакциялары, олардын өз бетімен әрекет ете алуы анықталады. Балалардың ойынына диагностикалық бақылау жүргізіліп, олардын әр түрлі жағдайлардағы мінездері, өзін-өзі ұстауы бақыланады. Баламен әнгімелесу немесе ересектермен бала тұралы сөйлесу, үйрету тәжірибесі өткізіледі.
Өзіне бағытталған сөзді қалай түсінетіндігі, өзі басқа балалармен қандай түрде қарым-қатынас жасайтындығы ымдау, бет әлпетін өзгерту, дауыс ерекшеліктері назарға алынады.
Жас ерекшеліктеріне қарай, балалар жай және күрделі сөздерді қалай дауыстап айтады, жай және күрделі сөйлемдерді дұрыс құрай ма, астарлы тексті түсінеме, өзі әнгімелеп бере алама. Осылардын барлығы есепке алынады.
Зерттеу жұмысстарында әртүрлі көрнекі құралдар, әдістер қолданылады: пәндік, сөйлемдік, сюжеттік, қосарланған суреттер, қоршаған ортаның бейнелері. Сонымен қатар әртүрлі ойындар қолданылады, себебі әртүрлі қызық ойындар мен түрлі-түсті суреттер балалардың көңілін көтереді, яғни зерттеуді жеңілдетеді, себебі ойын кезінде бала ашылады, зерттеу нәтижелері болады. Баланың дамуындағы бұзылуышылықты анықтау әдістері баланың жас ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға сұраққа ыммен жауап беру рұқсат етіледі, нашар еститін балаларға айғалап сөйлесу қолданылады.
Баланы оқыту және тәрбиелеу кезіндегі зерттеу психолого-медико-педагогикалық комиссиянын зерттеуінен бөлек болады, бірақ қорытынды тұжырым әртүрлі мамандардың бірігіп жұмыс істеуін қалайды. Мұғалім динамикалық бақылау кезінде баланың бірте-бірте дамуын қадағалайды, оның танымдылық әрекетінің қалыптасуын, психикалық процесінің жүруін, ол балалардың жасына қарай дамуын салыстырады, оқыту тәсілінде коррекциялауы жүргізеді.
Мектеп жасында бала жаңа әлеуметтік талаптарды қабылдауы тиіс. Бұл жаста жаңа әрекет түрі яғни баладан физикалық шыдамдылық пен ақыл-ой ынтасын талап ететін оқу әрекеті қалыптасады.
Мектепке барар алдында балада қалыптасуы тиіс:
- Физикалық денсаулығы;
- Барлық психикалық функцияларының жеткілікті дамуы;
- Эмоциональды ерік сферасының жетілуі;
- Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағыдысын қалыптастыру;
- Қоршаған орта туралы түсініктері мен жеткілікті білім қоры;
- Танымдық белсенділігі;
Аталған алғышарттардың негізінде балада оқу әрекетіне қажетті жаңа сапалар қалыптасабастайды. Бала өз әрекетін жоспарлап, бақылауды меңгереді. Сол себепті баланың әрекеті мақсатты бола бастайды. Зейіннің бөлінуі және шоғырлануы кеңейеді, қабылдауы нақтылана түседі, қиял қалыптасады. Балада жаңадан есте сақтау тәсілдері қолдану қабілеті пайда болады. Ең бастысы сөздік-логикалық ойлауы дамиды.
Мектеп жасындағы балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру қандай жағдайларда қажет?
Балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруде сабаққа үлгерушілік және баланың мінез-құлқындағы бұзылуышылық себеп болады. Педагогтар мен ата-аналар: балаға не болды? Бұзылуышылығының себебі не? Ең бастысы қандай көмек керек? деген сұрақтардан жауап күтеді. Сабаққа үлгермеушілік ақыл-ойының дамуының артта қалуынан, оқуға дайын еместігінен, анализаторлардың жұмысының бұзылуынан, соматикалық денсаулығының әлсіздігінен болуы мүмкін. Егер мұндай жағдайда отбасы назар аудармаса немесе педагогтың талаптары күшейсе онда балада тек сабаққа үлгермеушілік қана емес, сонымен қатар мінез-құлқында да өзгерістер пайда болады. Бірнеше жағымсыз жағдайларға қысқаша тоқтала кетейік. Сабаққа үлгермеушіліктің ең негізгі себебі – бұл баланың мектепке оқуға дайын еместігі, психикалық процесстері мен іс-әрекет дағдыларының қалыптасуы. Балалар қойылған талапқа бағынып үйренбеген, бір істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тапсырманы орындай процесінде зейінді тұрақтандыра алмайды, танымдық қызығушылықтары қалыптаспаған, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасай алмауы қобалжуға, кейде жан-жалға әкеліп соғуы мүмкін. Баланың мектепке деген жағымсыз көзқарасы пайда болады. Егер бұл жағдайлар ескерілмесе, оқушылардың жеке ерекшеліктері еленбесе және т.б. сабаққа үлгермеушілік те арта береді.
Сабаққа үлгермеушіліктің тағы бір себебі – баланың отбасында жағымсыз жағдайы: ата-аналар тарапынан баланың сабағын қадағаламау, күн тәртібін қадағаламау, отбасындағы жан-жал т.б. мұндай балаларда білім қоры мен жаңа білімді игеру қабілеті төмен болады. Сондықтан 1 сыныптың өзінде бұл балалар сабақ үлгерімі нашар оқушылардың қатарында болады. Әлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балаларды қателесіп медициналық – педагогикалық кеңеске бағыттап жібереді. Педагогикалық қараусыз қалаған балалар көмекші мектептерде емес, жалпы білім беретін мектептерде көмек алуы тиіс.
Сабаққа үлгермеушілік баланың астеникалық жағдайымен: ұзақ аурудың салдарынан тез шаршап қалуы, зейіні мен есте сақтауының әлсізденуі, мінез-құлқы бұзылуымен де байланысты. Сабаққа үлгермеушіліктің алдын алу үшін жағымды өмір жағдайын қалыптастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет