Dbbbdd 5106-Даму бұзылыстары бар балаларды дифференциалды диагностикалау пәнінен



бет3/16
Дата18.05.2023
өлшемі63,01 Kb.
#94602
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ЛТ Даму

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
2. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
3. Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500 – Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012


2- Дәріс. Даму бұзылыстары балаларды дифференциалды диагностикалау пәнінің мазмұны
Жоспары:
1. ЕБҚБ балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнінің міндеттері мен мазмұны
2. «Диагностика», «психодиагностика» ұғымдарының психологиялық, педагогикалық тұрғыдан мазмұнын ашу.
3. Даму бұзылысын ерте диагностикалаудың өзекті мәселелері

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізі: оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылым мен механизмдерін айрып тану болып табылады. Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық зерттеулер эмперикалық тексеруге келетін фактілерге негізделеді мақсаткерлігімен, жүйелгігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленеді.


Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін бұзылуыларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды. Тәрбие диагностикасы - тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс.
Психологиялық диагностиканың арнайы салалары: жалпы және жеке психологиялық диагностика Қазіргі кезде диагностика әлеуметтік практиканың мынандай салаларында кеңінен қолданылады.
1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағдар. Психологиялық-педагогикалық диагностика шаралары жеке сапа ерекшеліктерін, кәсіби маңызды сапаларын, кәсіби жарамдылығын, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін жақсартуын зерттеуге бағытталған.
2. Әлеуметтік мінез-құлықты болжау (қылмыс себептерін зерттеу, некені диагностикалау).
3.Оқыту мен тәрбиені оптимизациялау (мектеп диагностикасы). Психологиялықпедагогикалық диагностиканың бұл саласы халыққа білім беру міндеттерімен тығыз байланысты.
4. Психотерапевтік жәрдем клиникалық психиатрияның әдістемелерімен қамтамасыз етеді. (клиникалық психодиагностика) Бұл соттық психологиялық- психиатриялық экспертизамен және т.б. тығыз байланысты. Көптеген отан, шетел психологтарының зерттеулерінде психодиагностиканы ғылыми зертттеу және ғылыми практикалық түрлерге бөліп көрсеттеді. Ғылыми практикалық психодиагностика қоғамдық практиканың әртүрлі міндеттеріне бағытталады. Білім берудегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы баланың психологиялық салауаттылығын дамыту міндеттіне бағытталады. Білім берудегі мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты. Ол едәуір тиімді ықпалды таңдауды сонымен қаттар белгілі бір психологиялық жағдай жасауды көздейді. «Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады. Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет