°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Суреткердiң қоғамдық ӛмiрге қарым-қатынасы қандай болуы тиiс? 
2. 
Ӛнер туындысын бағалаудың критерийлерi туралы не айтуға болады? 
3. 
Ӛнер мен әдебиеттегi халықтық ұғымы қалай пайда болды? Оның тарихи 
категория екендiгiн дәлелдеңiз. 
4. 
Әдебиеттiң халықтығы ұлттық сипаты жайлы қандай ой- толғамдар бар? 
5. 
Белинскийдiң әдебиеттiң халықтығы үшiн күресiне сипаттама берiңiз. 
6. 
М.Әуезов Абай шығармаларының халықтығы жӛнiнде қандай пiкiрлер 
айтты? 
 
 
IV тақырып. КӚРКЕМ ШЫҒАРМА 
1. 
Кӛркем шығарманың мазмұны мен пiшiнi. 
2. 
Кӛркем шығарманың тақырыбы. 
3. 
Кӛркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен 
байланыстылығы. 
4. 
Кӛркем шығармадағы тақырып пен идея бiрлiгi. 
“Сӛз ӛнерi, сӛз жоқ, ардың iсi”. (М. Шолохов) Ұлы қаламгерлер 
ӛздерiнiң ӛмiрiнен бұрын ӛнер тағдырын ойлаған. Олар ажалмен арпалысып, 
ӛмiрден ӛтiп бара жатып та қаламға жабысумен болған. Т.Жароков ӛлер 
алдында аурухана тӛсегiнде қиналып жатып, палатадағыларға “Тасқынға 
тосқын” поэмасын оқыған.
Қ.Аманжолов:
Ӛкiнбен мен де бiр күн ӛлемiн 
Ӛкiнем ұқсата алмай келемiн деп 
Күнiне жүз ойланып, мың толғанам, – деп толғанған. 
Шын мәнiндегi ӛнер туныдысы нағыз ӛнер иесiнен үлкен 
жауапкершiлiктi талап етедi.
Кӛркем шығарма – нағыз суреткерлiк әрекеттiң нақты нәтижесi, әдеби 
еңбектiң кӛзбен кӛрiп, қолмен ұстауға болатын затты дерегi. Сәттi туынды 
бiр жазушының ғана бүкiл халықтың, бүкiл әдебиеттiң табысы. 
Шын мәнiсiндегi ӛнер туындысы адам бойындағы асыл да сұлу 
қасиеттерден түзiлер болар. Сонда ғана кӛркем шығарма қалың кӛпке белгiлi 


21 
бiр халықтың ӛзiндiк ӛзгеше бiтiмiн, мiнезiн танытып, оларға ӛмiрдiң тың 
құпиясын ашып бере алады. 
“Әдебиет – ықшамдалған әлем” (Салтыков-Щедрин) болса, әдеби 
шығарма – сол нұрлы дүниенiң сырлы бӛлегi. Ол - ӛмiрдiң ӛзi секiлдi 
күрделi, бұралаңы кӛп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.
“Шұғаның белгiсi”, “Еңлiк-Кебек”, “Сұлушаш”… осы шығармаларды 
оқыған сайын бұрын байқамаған жаңа, соны сыр ұққандай боламыз. Шынайы 
ӛнер туындысы оқырманға осылай әсер етедi. 
“Кӛркем шығарманы жазу – әрқашан пiшiн жағынан ӛнер табу, мазмұн 
жағынан жаңалық ашу” – дейдi Л.Леонов. 
Абайдың “Ӛлеңге әркiмнiң-ақ бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы. 
Iшi-алтын, сырты-күмiс сӛз жақсысын, 
Қазақтың келiстiрер қай баласы,” – деген немесе: 
Сылдырап ӛңкей келiсiм, 
Тас бұлақтың суындай… – деген сӛздерiнде аса терең 
мағына бар. 
Шынайы ӛнер туындысының айрықша асыл қасиетiн, сыртқы түрi мен 
iшкi сырының тамаша үндестiгiн осыдан артық дәл тауып айту қиын. 
Әдебиеттегi мазмұн мен пiшiннiң бiрлiгi дегеннiң ӛзi де осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет