Кӛркемдiк деталь Мағыналық, кӛркемдiк мәнi бар ұсақ ерекшелiк, сӛз болып отырған
нәрсенiң жекелеген сипат белгiлерi;
Адам бойындағы қандай да бiр қасиет, сипатты дәл тауып, бейнелеп
беру шеберлiгi;
Оңай кӛзге түсе бермейтiн ӛзгешелiктердi байқағыштық, кӛрегендiк
арқылы дәл тауып бейнелеу;
Суреттеудiң, баяндаудың дәлдiгiн, нақтылығын арттыра тұсетiн әр түрлi
бояу-нақыштар;
Бүтiндi жеке бiр бӛлшегi арқылы, тұтас құбылысты кейбiр дара
сипаттары арқылы немесе адамның iс-әрекетiн, жүрiс-тұрысын бiр-екi қимыл
қозғалысы арқылы әсерлi кӛрсету;
Күрделi шындықты ұтымды танытар бiрер соны сӛз немесе тың сурет;
Азғана сӛздiң айқын суретке айналып, шындықты дәл танытуы, кӛл-
кӛсiр мағынаға ие болып, оқырманды қызықтыруы.
Кӛркемдiк детальға мысалдар: “Сеземiн шоршып ұшып, қонғанын да, Кiрпiктей қанаттары жыпылықтап”. (Ж. Молдағалиев)
“Сол сәтте әлдеқайдан сары қаншық жүгiрiп кеп, балық исi шыққан
киiмiн иiскедi. Онан сары қаншық мұп-мұздай тұмсығымен бұның қолын
жалап алды. Еламан бойын жиып ала қойды”.
(Ә. Нұрпейiсов)
Сӛз ӛнерiндегi образ және образдылық туралы пiкiрлер Н.А. Добролюбов …Автордың не айтқысы келгенi ғана емес, қайта әдейiлеп болмаса да,
ӛмiр фактiлерiн дұрыс суреттеудiң нәтижесiнде не айта алғандығы бiз үшiн
маңыздырақ. Бiздiң әрбiр талантты шығарманы соншалықты қадiрлейтiн
себебiмiз – бiз мұндай шығармадан ӛмiрiмiздiң фактiлерiн айқын зерттей
аламыз, мұндай шығарма болмаса, ол ӛмiр жай адамдардың кӛзiне шалына
бермейдi. … Жазушының ӛмiрдi қай дәрежеде алғандығы, ол жасаған
образдардың қандай мӛлшерде берiк, кең кӛлемдi болып шыққандығы оның
талантына ӛлшем болады. Тургенев мырзаны соңғы 20 жылдың iшiнде билiк
16
құрған мораль мен философияның кӛркем суретшiсi және жыршысы деп
әбден әдiлеттiлiкпен атауға болады.