°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет15/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Мазмҧн мен пiшiн iргелi философиялық ұғым. Мазмұн мен пiшiн тек 
ӛнер ғана емес, ӛмiрдегi ақиқат шындықтағы кез келген затқа және 
құбылысқа тән нәрсе. 
Мазмұн мен пiшiн ең алдымен бiр-бiрiмен айрылмас байланыста, 
бiрлiкте болады; бiрiнсiз бiрi жоқ, яғни мазмұнсыз пiшiн жоқ, пiшiнсiз 
мазмұн жоқ.
Кӛркем шығарманың құны мен қасиетi – оның мазмұны мен пiшiнiнiң 
бiрлiгiнде. 
Мазмҧн дегенiмiз–шығарманың ӛмiр шындығын, құбылыстарын 
бейнелi түрде кӛрсетiп, ой-сезiмге әсер беретiн мағыналылығы; шығармадағы 
кӛркем ой кӛрiгiнен түрленiп шыққан ӛмiр шындығы. Бұл – шығарманың 
кӛркемдiк тұлға пiшiнiне, ӛрнек кестесiне, ӛн бойына қан жүгiртiп, жан 
бiтiретiн, ӛң, нұр беретiн идеялық мағыналылық. Қаламгердiң ӛз эстетикалық 
идеалының тұрғысынан таныған ақиқат ӛмiрi, пiшiннiң iшкi қасиетi, 
анықтамасы, яғни мазмұн болып табылады.
Кӛркемдiк тҥр (пiшiн). Әдеби шығармадағы мазмұн, мағынаның, 
ондағы ой-сезiм байлығының сӛзбен мүсiнделiп жеткiзiлген қалпы, әдеби 
шығарманың композициялық, сюжеттiк құрылысы, жанрлық ӛзгешелiгi, 
сӛзбен бейнелеу тәсiлдерi, яғни тiл кестесi, ӛлең ӛрнегi, ӛлеңге тән ырғақ-
интонация жүйесi, шумақ, ұйқас түрлерi, ӛмiр шындығы тұтастырыла 
жинақталған кӛркем образдар жүйесi, яки әдеби қаһармандар ӛмiрi; 
мазмұнның сыртқы қасиетi, анықтамасы, шығармада баяндалған, кӛрсетiлген 
уақиға, құбылыстардың кӛркемдiк кӛрiнiсi, сӛзбен мүсiнделiп берiлген
суретi кӛркемдiк түр болып табылады. 


22 
Кӛркем шығарманың құндылық қасиетi оның мазмұны мен пiшiнiнiң 
бiрлiгiнде. Абайдың “Iшi алтын, сырты күмiс”, “Тас бұлақтың суындай 
сылдыраған ӛңкей келiсiм” деуi содан. 
Мазмұн мен пiшiн жайында сӛз еткенде ескеретiн бiр нәрсе – бiр 
мазмұнның бiрнеше пiшiнi болатын. Пiшiн кӛркем туындыда белсендi роль 
атқарады. Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетiмдiлiгі де 
оның пiшiнiне тығыз байланысты. Пiшiннiң кӛркем болуы – суреткердiң 
шеберлiгi болып табылады. Әрбiр қаламгер ӛз шығармасының пiшiнiне 
айрықша кӛңiл бӛледi. Л.Толстой “Ревизордың” пiшiнi жайлы былай деген: 
“Гоголь ӛз комедиясын дӛрекi, осал жазсыншы, оны қазiргi оқығандардың 
миллионнан бiрi де оқымаған болар едi.” Бұл айна қатесiз шындық. 
Мазмұн мен пiшiнге қатысты тағы бiр ескеретiн нәрсе – мазмұнға 
қарағанда, пiшiннiң ӛзгерiмпаздығы. Ӛмiрде де, ӛнерде де солай. Мысалы, 
махаббат – ӛмiрде болатын тұрақты шындық та, ӛнерде мәңгiлiк тақырып. 
Солай бола тұра қазiргi жастардың махаббатын Ләйлi мен Мәжнүннiң немесе 
Қыз Жiбек пен Тӛлегеннiң арасындағы сезiмдерше суреттесе, бұлай етуге 
келiспес едi. Ӛйткенi осы дәуiрдегi мазмұнға ондай пiшiн сай келмеген болар 
едi. Бұл мысалдар мазмұн мен пiшiннiң тарихи категория екендiгiн 
дәлелдейдi. 
Әр жаңа дәуiрде кӛне мазмұн тың пiшiн тауып, жаңғыртып, жасарады. 
Әр дәуiр ӛз шындығын, ӛз мазмұнын ала келедi. Жаңа мазмұн жаңа пiшiн 
iздейдi. Пiшiн iздеу бар да, пiшiндiлiкке (формализмге) салыну бар. 
Пiшiншiлдiктен сақ болған жӛн. 
Сонымен, әдебиеттегi мазмұн мен пiшiннiң бiрлiгi дегенiмiз сӛз 
ӛнерiндегi орасан зор маңызды заңдардың бiрi, ӛнер туындысының 
кӛркемдiгi үшiн ауадай қажет жағдай болып табылады. Кӛркем шығармадағы 
мазмұн мен пiшiннiң бiрлiгi – оның етене бүтiндiгi, эстетикалық бағалылығы. 
Әдебиеттегi мазмұн мен пiшiн дегендi белгiлi бiр кӛркем шығармадағы 
затты деректерге кӛшiрсек, былай болар едi: шығарманың мазмұны – оның 
ақиқат шындыққа негiзделген тақырыбы мен идеясы да, пiшiнi – әдеби 
қаћармандардың ӛзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негiзделген 
сюжетi, композициясы жазушының ӛмiрдi ӛнерге айналдырған ең негiзгi 
құралы – суреттi сӛзi, яки кӛркем шығарманың тiлi. 
Тақырып ӛнер туындысының iргетасы болып табылады. Суреткердiң 
ӛмiрден ең алдымен iздеп табары да осы тақырып. Ол творчестволық 
процестiң үш кезеңiнiң ӛн бойында тұтас желi тартып жатады. Тақырып – 
жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, ӛзiнiң кӛркем 
шығармасына негiз, арқау еткен ӛмiр құбылыс-тарының тобы, әдеби 
шығармада сӛз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негiзгi арқауы. 
Тақырып – әдеби шығармада сӛз болатын басты мәселе, шығарма 
мазмұнының негiзгi арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары. 
Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, нендей 
мәселелердi қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оп-оңай сияқты кӛрiнуi 
мүмкiн. Алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңiл, үстiрт қарау дұрыс 
емес. Тақырыпты бiрнеше қырынан алып қарастыру кездеседi. Шығарманы 


23 
жазудағы автордың ой-ниетi тұрғысынан алғанда, тақырып – алдымен 
болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғалардың, 
суреттелетiн ӛмiр құбылыстарының шеңбер-шегi. Ал шығарманы талдау 
тұрғысынан қарасақ, тақырып – ол шығарманың мазмұнының негiзгi бiр 
құрамды бӛлшегi, айтылған суреттелген жайлардың қоғамдық ӛмiрдегi 
маңызды мәселелер дәрежесiне кӛтерiлiп, кӛркемдiк шындыққа айналған 
қалпы. Яғни, әдеби шығарманың тақырыптық аясына енген жағдайлар 
ӛмiрдегi алғашқы ӛз қалпында қалмайды, жазушының түсiнiгiне сәйкес тиiстi 
мән берiлiп, кӛркемдiк шешiмiн тапқан сурет-бейнелер, маңызды мәселелер 
болып шығады. Сондықтан тақырыпты анықтағанда тек ӛмiрдегi бар 
жағдайларды санамалап шығумен немесе жеке мәселелердiң маңыздылығын 
кӛрсетумен iс бiтпейдi. Ӛйткенi сол ӛмiр құбылыстарының қай қырынан 
алынып, қалай бейнеленгенiн, қаншалықты ұғымды, әсерлi кӛркемдiк шешiм 
тапқанын айқындаудың мәнi зор. Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық 
жүйесiнен бӛлiп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкiн, 
ӛйткенi шығармада белгiлi бiр жағдайлар, кейiпкерлер таңдап алынуы, 
соларға ерекше назар аударылуының ӛзi-ақ жазушының мақсат-нысанасы 
мен бағыт-бағдарын аңғартады. Осыдан келiп тақырып пен идея деген 
ұғымдардың жалғастығы кӛрiнедi. Олар бiр-бiрiмен кiрiгiп, бiрiне-бiрi реңк 
берiп, қабысып жатады. Тақырыптың қандай кӛркемдiк шешiм табатыны 
шығарманың идеясымен тығыз байланысты. Кӛркемдiк идея да ӛз алдына 
бӛлек оқшау тұрған нәрсе емес, ол шығарманың ӛн бойындағы кӛркемдiк 
шешiмдерден ӛрiлiп шығады, солардан туындайтын қорытынды-түйiн 
ретiнде кӛрiнедi.
Идея – жазушының ӛзi суреттеп отырған ӛмiр құбылысы туралы 
айтқысы келген ойы, сол ӛмiр құбылысына берген бағасы. Ол кӛркем 
шығарманың ӛн бойында желi тартып жатқан ой мен сезiмнiң мығым бiрлiгi, 
шығарманың ӛн бойында кӛркемдiк шешiмдерден ӛрiлiп шығатын, солардан 
туындайтын қорытынды түйiн болып табылады. Кӛркем шығармада сӛз 
болып отырған мәселелерге жазушының кӛзқарасы, қатынасы, уақиғалар мен 
кейiпкерлерге автор кӛзқарасының кейде айқын, кейде ешқандай дайын 
шешiмсiз, кесiп айтылған түйiнсiз берiлуi, шығармада бастан-аяқ үзiлмей, 
тұтасып тұрған гармония, мазмұн мен түрдiң, ой-сезiм мен сӛз кестесiнiң 
бiрлiгi идеяны құрайды.
Идея кӛркем туындының ӛн бойына, бар бiтiм-болмысына ажар берiп 
тұрады. Идеясы терең, ӛткiр ой-сезiмге толы шығармада әр бейне, әр сӛз 
идеяның, ой-сезiмнiң қуатымен нәрленiп тұрады.
Айтатын ой-пiкiрi құнарсыз, солғын, сезiм күшi әлсiз шығармада 
кӛркемдiк түр, кӛркемдiк қасиет болуы мүмкiн емес. Ӛйткенi, ондай 
шығарманың құрылысы, сыртқы түрi, олардың жеке бедер-белгiлерi – бәрi де 
ӛңсiз, әсерсiз сезiледi. Шығармада бастан-аяқ үзiлмей, тұтасып тұрған 
жарастық-гармония, мазмұн мен түрдiң, ой-сезiм мен сӛз кестесiнiң бiлiгi 
жетiмсiз болған соң, тiптi жекелей алғанда ұтымды айтылған сӛздер, 
қисынды табылған бейнелер де әр жерде бӛлек қалады. 


24 
Кӛркем шығармада негiзгi идея және жанама идеялар бола бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет