А. Байтҧрсынов
Ӛнердiң ең алды сӛз ӛнерi деп саналады. “Ӛнер алды – қызыл тiл”
деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сӛз баққан, сӛз күйттеген халық болып,
сӛз қадiрiн бiлгендiктен айтқан. …Қандай сәулеттi сарайлар болсын, қандай
12
сымбатты я кескiндi сүгiреттер болсын, қандай әдемi ән-күй болсын сӛзбен
сӛйлеп, сүгiреттеп кӛрсетуге, танытуға болады. Ұлы әңгiме яки роман деп
тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгiмелеп, түгел түрде суреттеп
кӛрсететiн шығармаларды айтамыз.
З. Қабдолов
Мүсiншiнiң құралы – саз, суретшiнiң құралы – бояу, әншiнiң құралы –
үн, бишiнiң құралы қимыл болса, әдебиетшiнiң құралы – тiл;
Қоғамдық сананың айрықша саласы - ӛнер десек, мұның жалпы
адамзат мәдениетiнен алар орны ӛзгеше, адамдардың парасат әлемiнде
атқарар қызметi орасан зор.
Микеланджело жасаған мүсiн, Шекспир туғызған трагедия, Глинка
шығарған музыка, Абай жасаған лирика, Суриков салған сурет… уақыт
сынынан мүдiрместен… келедi…;
Бейнелеу, сәулет, мүсiн ӛнерлерi затты, нақты болғанымен, жансыз,
қимылсыз, ал әдебиет кез-келген шындықты қимыл қозғалыс үстiнде
құбылта, құлпырта кӛрсете алады.
Ӛнердiң кӛп салаларының iшiндегi ең қадiрлiсi әрi қасиеттiсi – кӛркем
әдебиет. Оның ӛнердiң ӛзге түрлерiмен әлгiдей бiрлiгi бола тұра ӛзгешелiгi
де мол. Сӛз ӛнерi сурет пен музыка секiлдi жалпыға бiрдей жетiмдi деу қиын:
сӛз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бiрдей түсiнiктi бола
алмайды. Әр ұлттың ӛзгеден ерекше ӛз тiлi бар; әдеби шығарма сол тiлде
ғана туады. Бұл – кӛркем әдебиеттiң халықаралық ӛрiсiне бiраз бӛгеу, тiптi
тұсау екенi рас. Бiрақ, мұның есесiне, әдебиеттiң тiлi музыка тiлiнен гӛрi
нақты, театр тiлiнен гӛрi затты: симфонияны тыңдаушының бәрi нақты
түсiне бермейдi, театр сахнасында бүгiн кеште жүрiп жатқан спектакльдiң
ертеңгi ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегi бола
бермейдi, ал әдебиетте екеуi де – нақтылық та, заттылық та бар. Бейнелеу,
сәулет, мүсiн ӛнерлерi затты, нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал
әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстiнде құбылта, құлпырта
кӛрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, ӛз ӛнерiн – бар ӛнердiң басы,
“ӛнер атаулының ең қиыны және күрделiсi” (Бальзак), “ең жоғары түрi”
(Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының “ӛнер алды –
қызыл тiл” деген бiлгiр тұжырымы да тегiннен-тегiн тумаған-ды.
Әдебиеттiң объектiсi – ӛмiр предметi – адам. Баяғы Аристотель
заманынан күнi бүгiнгi күнге дейiн адамнан, адам ӛмiрiнен тыс ешқандай сӛз
ӛнерiiң де, ӛнер туындысының да болмайтыны дәлелденiп келедi.
Әдебиеттiң объектiсi предмет арқылы, яки сӛз ӛнерiндегi ӛмiр
шындығы тек адам арқылы, адам образы арқылы ғана кӛркем жинақтау
дәрежесiне кӛтерiле алады.
Белинский “ақынның образбен ойлайтынын, оның ақиқатты дәлелдеп
жатпайтынын, кӛзге елестете кӛрсететiнiн”, Чернышевский сӛз ӛнерiнiң
“шын мазмұны – тек адам ӛмiрi” ғана екенiн айтса, Горький кӛркем әдебиеттi
“Адамтану” деп атады.
13
Шындығында ӛнер туындысының бәрiне ортақ мазмұн – адамның ойы,
арманы, құштарлығы, мұраты; ӛнер туындысының қандай түрi болсын,
әрқайсысы ӛз тiлiнде ӛмiрдегi, қоғамдағы адам тiршiлiгiнiң мәнi мен
мағынасын ғана баяндап жатады. Кез келген әдеби шығарманың бетiн ашсақ
болғаны, iздеп табарымыз, тауып толғанарымыз – адам тағдыры,
адамгершiлiк сыры.
Адам тағдыры – жазушы үшiн шығарма арқауы ғана емес, ӛмiрдi
танудың ӛзгеше тәсiлi де: ӛмiрде кӛрген тiрi адам туралы олардың хал-күйi,
кескiн-кейпi туралы тебiрене, толғана ойланудан кӛбiне суреткердiң сол
адамдар ӛмiр сүрген қоғам туралы кӛзқарасы қалыптасады. Нәтижесiнде сол
қоғамдық шындықты жинақтау мақсатындағы творчестволық әрекетi
басталып та келедi.
Әдебиеттiң предметi адам дегенде, әңгiме дайын әдеби қаћарман
жӛнiнде ғана емес, қаламгердiң сол қаћарманды жасау үстiндегi барлық
творчестволық әрекетiнiң ой-қыры, қия қалтарысы болуы тиiс.
Белгiлi бiр дәуiрлiк шындықтан кӛркем шығарма туғызу үшiн, бәрiнен
бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлiк тәсiлi – сол
дәуiрдегi адам тағдырын қазу, қопару, “тiрi құжаттарды” зерттеу. Осы орайда
М.Әуезовтiң “Абай” эпопеясына материал жинау тәсiлi айта қалғандай
қызық. “Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннiң айдаладағы жұртына кешiгiп
жеткен жүргiншi сӛнiп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бiр қызғылт
шоқ тауып алып, оны демiмен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал
жинаған менiң халiм де дәл сол әрекет сияқты едi. Мен қарт адамдардың
кӛмескi жадында ұмыт болған кӛп нәрселердi қайта ойлатып, айтқызып
алдым. Алпыстағы Әйгерiмнiң әжiмдi бетiне қарап, оның бiр кезде Абайды
тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзiн “қалпына келтiруiм” де әлгiдей
едi”.
Ӛмiрмен осылайша қоян-қолтық келген жағдайда ғана суреткердiң
творчестволық фантазиясы қимылға кӛшедi, қозғалысқа түседi. Дәл осы
арада бiз әдебиеттiң предметi маңындағы авторлық айрықша әсем әрекетке,
дәлiрек айтқанда, әдебиеттегi адам бейнесiн жасаудың шешушi шарты –
ойдан шығару (вымысел) мәселесiне кезiгемiз.
Ойдан шығару – образға апарар жол; суреткердiң ӛмiрде кӛрген-
бiлгенiн ойша ӛңдеудiң, қорытудың, жинақтаудың тәсiлi. Ойдан шығару жоқ
жерде әдебиеттегi адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкiн емес. Ӛйткенi
ойдан шығару арқылы суреткер болашақ кӛркем образдың эскизiн алдымен
ӛзi ойша жасап, кӛз алдына елестетiп, ойша кӛрiп алады. Суреткердiң ӛз
ойында нақты түрде мүсiнделмеген, суреткердiң кӛз алдына затты түрде елес
бермеген бейне оның шығармасында тiрi қаћарманға айналуы мүмкiн емес.
Әдебиет туралы ғылымның ең басты және ӛзектi мәселесi – образ және
образдылық. Образдың қазақшасы – кӛркем бейне. Ең қарапайым
мағынасында образ – суреттi сӛз.
Күлiмсiреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр ненi
(Абай)
14
“Күлiмсiреп аспан тұр” дегенде Абай аспанның ашық, нұрлы екенiн
айтып отыр. Бiрақ аспан ашық деген сӛздiң әсерi аспан күлiмсiреп тұр
дегендей болмас едi. Ӛйткенi алдыңғысы әншейiн хабар, ауызекi айтыла
салған аӛз ғана да, соңғысы – сӛзбен салынған сурет. Бұл әрi нақты, әрi
затты. Бұл бедерлi бейне, кӛркем образ. Сӛз зергерлерi кӛркем сӛз арқылы
бұлайша, ӛрнек тӛгiп, айшық жасамаса, әдеби шығарма да тумас едi.
Сӛз арқылы кӛркем бейне жасалмаса, жансыз табиғатқа жан бiтпес едi.
Елсiз жер… еңiреген iнгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.
(I. Жансүгiров)
Ғаламат сурет! Кең дала күйге толы. “Еңiреген iнгеннiң” қасiретiн, “зар
тыңдаған қоянның” қайғысын ӛз алдына қойғанда, ӛлi ұйқыдан елгезек “жел
оятқан селеудiң биiн”, әнi назға, сазға елiтiп, әрi ойға, мұңға батып тым-
тырыс “тұқырып қалған шеңгел мен шидiң” күйiн қараңыз…
Лириканы әркiм ӛзiнше ұғып, тұщынады, оны ежiктеп түсiндiрiп жату
ағат. Тек мынаны бiлу керек: кӛркем әдебиеттi оқыған адамды баурап алар,
оның жан дүниесiне әсер етер құдiреттi күшi осынау образдылығында жатыр.
Образдылық – суреттiлiк, сӛздегi сурет. Әдебиет теориктерi әр сӛздiң
түп тӛркiнi – зат, сурет, образ дегендi айтады.
Защита деген сӛздiң байырғы тегiне қарасақ, “стоять за щитом” деген
бейнелi сӛзден шыққаны белгiлi. Бұның “қалқалап тұрды қалқанды” дейтiн
қазақшасы, шынында да, кӛз алдыңызға образ, сурет болып елестейдi.
Дәл осы секiлдi қазақ сӛздерiнiң қай-қайсысы да бiр кезде ӛзiнiң
бейнелi қалпын бастан кешiргенi даусыз. Тастау – тасқа байланысты
қимылдан, тонау – тонға байланысты әрекеттен, қолдау – қолға байланысты
бейнеден, бүйрек – бүйiрге байланысты суреттен шыққан.
Тулау сӛзiнiң түп тӛркiнi ту жылқы деген тiркестегi тудан шыққан. Ту
жылқы жалына қол апартпайтын мiнезсiз, асау болатын кӛрiнедi. Сӛйтiп
тулау деген ұғым да затты, нақты бейнеден шыққан. Образдылық осылай
пайда болады.
Гималай – кӛктiң түндiгi,
Гималай – жердiң түндiгi.
(I. Жансүгiров)
Бұл – метафора тәсiлiмен жасалған сурет: екi нәрсе қатар қойылып, бiр-бiрiне
баланады, ӛзара “сәуле түсiредi”, сол арқылы оқырманның кӛз алдына
үшiншi нәрсенiң суретi жойылады. Байқап қарасақ, образдылық дегеннiң ӛзi
әр сӛзге оның о бастағы заттылығын қайтып беретiн секiлдi, сӛйтiп затты
сӛздi нақты суретке айналдыратын тәрiздi.
Кӛркемдегiш сӛздерiмiздiң кӛпшiлiгi баяғы бабалар дәуiрiнен берi
қарай мың мәрте қолданылып келедi. Олар әсiресе ауыз әдебиетiнде тұнып
тұр. Мысалы, Қыз Жiбектiң портретiн жыр сүйген жұрт жатқа бiледi.
Қыз Жiбектiң ақтығы Екi беттiң ажары
Наурыздың ақша қарындай Жазғы түскен сағымдай
15
Ақ бетiнiң қызылы, Бiлегiнiң шырайы,
Ақ тауықтың қанындай. Ай балтаның сабындай.
Бұндай ғажап сурет дүние жүзiнiң фольклорлық туындыларында сирек
ұшыраса керек.
Ал ендi осынау кӛркемдеу тәсiлiн қазiргi кәсiби қаламгерлерiмiз
айнытпай қайталаса, ол ӛте бiр күлкiлi нәрсе болып шығар едi.
Сӛз ӛнерiндегi сұлу нәрсе – қайталанбайтын нәрсе. Мұндай сұлулыққа
қалай жету керек. Тек деталь арқылы жету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |