°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар


Пәндi оқытудың мақсаты мен мiндеттерi



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

 
Пәндi оқытудың мақсаты мен мiндеттерi 
Әдебиеттану ғылымына кiрiспе пәнi филология факультеттерi 
студенттерiне бейiндiк мамандық беретiн негiзгi пән болып есептеледi. Орта 
мектеп бағдарламалары бойынша әдебиет теориясы деген жеке пәннiң 
оқылмайтыны белгiлi. Әдебиет теориясынан кейбiр мағлұматтар әдебиет 
сабағында белгiлi бiр кӛркем шығарманы оқу барысында қосымша берiледi. 
Кӛркем шығарманың мән-мазмұнын терең ұғынып, ғылыми негiзде 
талдау жасай бiлуi үшiн жоғары бiлiмдi, бiлiктi маман әдебиет теориясымен 
қарулануы тиiс. Сол арқылы орта мектептегi әдебиеттiң оқу пәнi ретiндегi ең 
негiзгi мақсаты ӛмiр таныту, адам тәрбиелеу, халық игiлiгiне қызмет ететiн 
азамат тәрбиелеу, кӛркем шығарма-ларды сүйiп оқитын оқырман тәрбиелеу 
мiндеттерiн iске асыра алады. 
Жоғары оқу орындарында әдебиеттану ғылымына кiрiспе, әдебиет 
теориясы пәндерiн оқытудың негiзгi мақсат, мiндеттерi де осыдан 
туындайды. 
Әдебиеттiң сӛз ӛнерi, орта мектептегi ең негiзгi оқу пәнi ретiндегi ұлан-
ғайыр мiндеттерiн жүзеге асыратын, әдебиет тарихының, сынының, әдебиет 
теориясының мәселелерiн егжей-тегжей бiлiп қана қоймай оны терең ой 
елегiнен ӛткiзе алатын, әдебиеттi халық тарихымен байланыстыра алатын 
бiлiмдi, бiлiктi, ӛзiндiк ой-пiкiрi, кӛзқарасы бар әдебиетшi маман дайындау – 
әдебиеттану ғылымын, әдебиет теориясын оқытудың негiзгi мақсаты. 
Сондықтан әдебиеттану ғылымына кiрiспе филолог студенттерге базалық 
бiлiм беретiн негiзгi пән болып табылады. 



Әдебиеттану ғылымына кiрiспе пәнiнiң I курста бiрiншi семестрде 
оқытылуы студенттердi кейiнгi семестрлерде үздiксiз оқылатын қазақ 
әдебиетiнiң тарихы, халық ауыз әдебиетi, түркi халықтарының әдебиетi, әлем 
әдебиетi сияқты әр алуан курстарды терең ұғынып, ғылыми тұрғыдан талдау 
жасай бiлуге дайындайды. 
Әдебиет теориясының негiздерiнен жүйелi бiлiм беретiн жеке пәндер 
бола тұра әдебиеттану ғылымына кiрiспе пәні әдебиет тарихы, әдебиет сыны, 
тiл бiлiмi, философия, эстетика пәндерiмен тығыз байланыста оқытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет