Тип, типтiлiк, типтендiру Cуреткердiң ӛмiр шындығын ӛз дүние танымы тұрғысынан таңдап
iрiктеуi, жинақтауы;
Жазушының белгiлi бiр уақыт пен кеңiстiкке, әлеуметтiк ортаға сай
кӛркем бейненi сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы;
Әдеби шығармада жанды бейнелер туғызудың күрделi, тынымсыз
харакетi;
Әбден жинақталған жалпы әрi әбден дараланған жалқы тұлға;
Ӛзi секiлдiлердiң бәрiне ұқсайтын әрi ӛзiнен ӛзге ешкiмге
Ұқсамайтын дара тұлға;
Әдебиеттегi бiр адам арқылы ӛмiрдегi мың адамды бiр-ақ қамтып
таныту.
Кӛркем
бейненiң жасалуында қолданылатын негiзгi суреттеу
тәсiлдерiне портрет, мiнездеу, кейiпкер тiлi, монолог және диалог жатады. Портрет (франц. Portrait - бейнеленген) – бiр қалыпта тұрмай-тын,
ӛзгеретiн, қозғалатын жанды келбет, тiрi кескiн; әдебиеттегi адамның сырт
бiтiмiн, кескiн-кейпiн, жүрiс-тұрысын суреттеу, яғни әдеби кейiпкердiң сырт
кӛрiнiсiн, кескiн-кейпiн, бой тұлғасын суреттеу; адамның бет-әлпетiн тұтас
бейнелемей, кӛбiнесе жекелеген ерекше-лiктер, есте қаларлықтай сипат
белгiлер, кӛркемдiк детальдар арқылы кӛрсету.
Мiнез, тура және жанама мiнездеу Мiнез дегенiмiз адамның iшкi болмысы, белгiлi қоғамдық жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы; iшкi бiтiмi, барлық психологиялық
ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Тура мiнездеу – кейiпкердiң iшкi бiтiмiн бар болмысымен тӛтеден
сипаттау. Ал жанама мiнездеу дегенiмiз кейiпкердiң iшкi болмысын соған
қатысы бар ӛзге заттар арқылы суреттеу. Адамның сезiмiн, кҥйiну не сҥйiну халiн суреттеу дегенiмiз–адамның
iшкi тұңғиық тереңiн, адамға тән құштарлықтың құпиясын ашу; адам
психологиясының кӛзге iлiнбес нәзiк қалтарыстарын қопара кӛрсету, сондай-
ақ әдеби образды оқырманның жан жүрегiн баурап алар құдiреттi күшке ие
ету.
Монолог (грек.monologos, mono-бiр, logos-сӛз) – әдеби шығармадағы
кейiпкердiң iшкi кӛңiл-күйiн бiлдiретiн толғау сӛз. МҰнда кейiпкердiң
ӛзiмен-ӛзi сырласқандай ойланып, толғанғандай болып айтатын, адамның
iшкi сырын, кӛңiл-күйiн, психологиясын терең ашып кӛрсетуге ыңғайлы сӛзi
берiледi.