29
шенеуi басым келетiн ӛлеңдi шығарма; бастан-аяқ ӛткiр уытты сӛз,
сайқымазақ және күлдiргiлi кекесiн араласып келiп отыратын ӛлең.
Мұнда
объектiнi тәлкек етiп қана қоймай, оның дәрменсiз бейшаралығын кiрiптар
күйкiлiгiн, құр кеуделiгiн әшкерелейдi.
Жасалу тәсiлдерiне қарай образдардың тҥрлерi
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман,
адамның ақиқатқа
ұқсас арманында бедерленген, кӛпке ортақ биiк мақсаттарға,
асқақ
армандарға, асыл мұраттарға тамыр тартатын, әр қиялдан ғана тумайтын
бейне. Бұл–халықтың тiлегi, арманы
адамның табиғатқа ие болу, табиғатты
ӛзiне бағындыру, адамның күштi болуы ниетiнен туған образ.
Трагедиялық образ–адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз
күрестен, адам жеңiп болмас ауыр жайларды әдеби шығармада жинақтаудан
туатын образ. Ол ӛмiрде де, ӛнерде де юморлық,
сатиралық құбылыстарға
қарама-қайшы қатерлi, қайғылы жайларды, қазаны бастан кешедi. Кӛбiнесе
әдiлет үшiн күресетiн, зұлым күштердiң зорлығына мойынсұнбайтын, сол
жолда опат болуға әзiр. Кӛп жағдайда арманына жете алмай опат болса да,
басқалардың кеудесiне үмiт отын тұтатып, батыл күреске үндейдi. Бұл –
мұрат, мақсаты жолында әр түрлi кедергiге ұшырап, тұйыққа тiрелетiн кӛбiне
ӛмiрiн ӛлiммен аяқтайтын образ.
Достарыңызбен бөлісу: