Ҧлттық характер Әдеби шығармадағы кейiпкердiң ұлттық сипатымен ерекшеленген
мiнез-бiтiмi,
оның
белгiлi
халықтың
ӛкiлi
екендiгiн
танытатын
психологиялық және ойлау, сӛйлеу ӛзгешелiгi, жалпы адамдарға тән дүниенi
ұлттық түсiнiкпен қабылдау және олардың әдебиет пен ӛнер туындыларында
айрықша кӛрiнiс табуы ұлттық характер деп аталады. Ол қоғамдық, рухани,
экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасқан тарихи категория
болып табылады.
Кӛркемдiк ойлау Ӛнер туындысын жасайтын және одан эстетикалық нәр алып
қабылдайтын ақыл-ой қызметiнiң ерекше түрi, дүниенi кӛркемдiк тұрғыдан
игерудегi рухани қабiлет кӛркемдiк ойлау болып табылады.
Образдылық, сезiмдiлiк тұрғыдан әлемдi тану, адам болмысына үңiлу,
тiршiлiк тұрмыс мәнiсiн бағалау, кӛңiл күй, қиял арқылы жүзеге асатын
суреттi, бейнелi ұғымдар синтезi;
Кӛркем сананың эмоциялық белсендiлiгi, эстетикалық сезiмнiң
кемелдiгi, сергектiгi, тез, шапшаң шабыттану, болжағыштық, тұтанғыштық,
ықтималды ойлау қабiлетi.
Кӛркемдiк қиял, творчестволық фантазия, ойдан шығару Суреткердiң ӛмiрде болатын, болуы мүмкiн нәрселердi қиял арқылы
елестету қабiлетi;
ӛмiрде кездесетiн, болуы мүмкiн құбылыстарды ойша елестетiп
бейнелеп кӛрсету, яғни адам бейнелерi мен ӛмiр суреттерiн түгелдей ойдан
шығару, шындықты сұрыптау, саралау;
ғажайып сипаты бар, болмыста дәл сол қалпында кездеспейтiн, тек қана
елестетуден туған кӛркемдiк бейне жасау.
Суреткердiң ӛмiрде кӛрген-бiлгенiн ойша ӛңдеу, қорыту, жинақтауы;
Суреттелер шындықты сұрыптау, саралау;
Шындыққа суарылған адам тұлғасын әрi жинақтау, әрi даралау тәсiлi.
Романтикалық образ– негiзiнде қиял жататын образ. Баяғы кӛне
дүние әдебиетiнде, мифте, ауыз әдебиетiнде жиi кездеседi. Бұл – ӛмiрде
қазiрше жоқ, бiрақ болатын дерекке негiзделген образдың түрi, яғни биiк
арманға құлаш ұрған кейiпкер.