°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет27/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
VII тақырып. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ ТIЛI 
1. 
Тiл – қатынас құралы. Тiлдiң жалпыхалықтық қасиетi. 
2. 
Жазушының тiл байлығын игеру жолдары. 
3. 
Поэтикалық тiлдiң ерекшелiктерi. 
4. 
Тiлдiң тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Тропалар (ажарлау 
және құбылту). 
Тiлдiң жалпы адамзат қоғамында атқарар қызметi орасан зор. Тiл –
сӛйлеудiң, ойлаудың құралы. Сӛйлеу құралы деген – қарым-қатынас деген 
сӛз.
Ойлау құралы деген – ақыл-парасат, интеллект, ғылым-бiлiм, эрудиция, 
әдебиет, мәдениет, таным, талғам тiл арқылы дамиды деген cӛз.
Тiл мен ойлау бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Ойлау да тiл арқылы 
жүзеге асады. Тiлдiң жеке адамдардың еркiнен тыс туу, қалыптасу, даму 
заңы бары. Бiр кездегi ым, одан кейiнгi үн адамдарының еңбектерiнiң 
процестерiнде туған, адамдардың ойын ӛрбiтер қозғаушы күш болған. Бiрақ 
тiлсiз қарым-қатынас жасау мүмкiн емес те, қарым-қатынассыз жалпы қоғам 
болуы мүмкiн емес. ‡нсiз ым, тiлсiз үн – әшейiн қарапайым ұғымдар 
маңында ғана түсiнiсу, ал ӛзара ойласу, пiкiрлесу, сырласу тек тiл арқылы 
ғана мүмкiн едi. Мiне, осы ретпен туған адам баласының тiлi адам қоғамы 
дамыған сайын дамып, байыған сайын байып келе жатыр. Тiл заңы – 
объективтi заң.
Тiл, сӛз жайын тексеретiн ғылым үш түрлi: тiл бiлiмi, стилистика
кӛркем сӛз теориясы. Бұл үш саланы бiр-бiрiнен ажырата бiлу, 
әрқайсысының ӛзiне тән сыр-сипатын айқын тани бiлу шарт. Әдеби шығарма 
тiл арқылы жазылса, тiл сӛзден құралады. Әр сӛз обаста образдан туған. 
Келе-келе кӛп образдар ұмытылған да, олардан туған сӛздер ғана қалған. 
Сондықтан образды тiл деген ұғым жаңалық емес. Бұл – әр сӛздiң табиғи 
қасиетi. 


37 
Жазушылар, 
әдебиетшiлер 
осы 
қасиеттiң 
күллi 
“құпиясын”, 
образдылықтың iшкi сырын, сыртқы сипатын әрi нәзiк, әрi терең түсiнiп, 
соны қаламгерлiк қызметке шебер қолдана бiлуi тиiс. А.Байтұрсынов ӛзiнiң 
“Әдебиет танытқышында” сӛз ӛнерi адам санасының үш негiзiне – ақылға, 
қиялға, кӛңiлге тiрелетiнiн айтып: “Тiлдiң мiндетi – ақылдың аңдауын 
аңдағанша, қиялдың меңзеуiн меңзегенше, кӛңiлдiң түюiн түйгенше айтуға 
жарау” деп дәйектейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет