41
әкеледi. Бiрақ неологизмдер – уақытша тiлдiк құбылыс. Уақыт ӛте келе
неологизмдер жалпы халықтық тiлдiң бел ортасынан ойып орын алып
жатады. Мысалы , XX ғасырдың I жартысында
вагон, станция, поезд,
комбайн,
экскаватор, колхоз, совхоз, т.б. сӛздер неологизмдер болып
есептелдi. Олар неологизм болудан қалғалы қашан? Кейiнiрек XX ғасырдың
60-жылдары
космос, космонавт, космодром, т.б. сӛздер пайда болды. Бұлар
неологизм болудан қала бастаған шақта олардың ӛз тiлiмiзде тамаша
баламалары пайда болды. Олар:
ғарыш, ғарышкер, ғарыш айлағы т.б.
деген сӛздер.
Жаңа сӛздердiң әр тiлде оңай тұрақтап, жарасымды орын алатындары да
сол тiлде бұрынан бар сӛздер негiзiнде жасалған неологизмдер:
тiлшi,
ҧшқыш, ӛндiрiс, ҥгiтшi, тыңайтқыш, хатшы, ҥйiрме, оқулық т.б. Бұлар
қазақ тiлiндегi қашаннан келе жатқан сӛздермен жiксiз жалғасып кеттi.
Тiл халықтiкi. Жазушы тiлдi халықтан үйренедi. Сӛйте тұра жазушы
халыққа тiл үйретуге тиiс. Кезiнде бұл мәселеге жазушылар М.Горький,
М.Әуезов айрықша мән берген болатын. Ақын I.Жарылғапов бұл мәселеге
XX ғасырдың 60-70 жылдарында бiраз еңбек сiңiрдi. Ол орыс тiлiндегi
мороженое, холодильник, остановка, пляж, парк т.б. басқа сӛздердi
балмҧздақ, тоңазытқыш, аялдама, жағажай, саябақ т.б. деп аударып,
қазақ тiлiнде әдемi баламалар жаңа сӛздер жасады.
Кейде тың сӛздер басқа тiлден орынсыз енген сӛздермен де шектесiп
жатуы мүмкiн. Олар неологизм емес, варваризмдер болып есептеледi.
Варваризмдердi қолдану артықшылық емес кемшiлiк. Варваризмдер басқа
тiлдерден орынсыз енген сӛздер.
Достарыңызбен бөлісу: