°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар


Тiл байлығының қайнар кӛздерiнiң бiрi



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

 
Тiл байлығының қайнар кӛздерiнiң бiрi 
Синонимия ол гректiң sunonymos – заттас – деген ұғымды бiлдiретiн 
сӛзiнен шыққан. Синонимия – дыбысталуы әр түрлi болғанымен, мағынасы 
бiр-бiрiне жуық, мәнi ұқсас сӛздер. Мысалы:
а) шапшаң, дереу, жылдам, тез, жедел; 
ә) мезгiл, мерзiм, мезет, уақыт, шақ, сәт, кез, кезең; 
б) айқас, шайқас, ұрыс, қағыс, қақтығыс, тартыс, тӛбелес, тайталас, 
кескiлес; 
в) сұлу, әдемi, кӛркем, кӛрiктi, келiстi, келбеттi т.б. 
Осы секiлдi синоним iшiнен суреткер ӛз кӛкейiндегi сыр мен шындықты 
дiр еткiзiп дәл жеткiзер ең қажеттiсiн ғана таңдап алады. Синоним сӛздердi 
әр уақытта бiрiнiң орнына бiрiн қолдана беруге болмайды.
Мен кескектi ердiң сойымын, 
Кескiлеспей бiр басылман. 
…………………………… 


39 
Күндердiң күнi болғанда, 
Бас кесермiн, жасырман (Махамбет) – деген ӛлең жолдарында 
кескiлеспей басылман дегендi мағынасы бiр ғой деп тӛбелеспей қоймаймын 
десек, ӛте күлкiлi болып естiлер едi. Сондай-ақ “бас кесермiн дегендi 
ӛлтiрермiн, құртармын” деуге тiптi болмайды. Мұндай мысалдарды кӛптеп 
келтiруге болады.
Омоним – дыбысталуы бiр болғанымен мән-мағынасы әр тарап сӛздер. 
Бiр сӛзде бiрнеше мағына болуы, әрине, байлық. Бiрақ бұл байлықты аса 
сақтықпен, абайлап пайдаланған дұрыс. Ӛйткенi омоним сӛз ӛз орнында 
тұрмаса, ұғымда бұлдыратып, түсiнiксiз етуi мүмкiн. 
Кейде омонимдер әзiл, сықақ, кекесiн ӛлеңдерде сӛздi ойнату үшiн 
қолданылуы мүмкiн. Мысалы:
“Қалқам, жаным, қарағым, 
Бетiңе келмес қарағым ” (С.Торайғыров) 
Сондай-ақ кейбiр аттас сӛздердi ақындар ӛлеңдерiнде әр тұста арнайы 
қайталап, ӛлеңнiң ырғағын, ұйқасын құбылтып әсерiн күшейтедi. 
Антоним (грекше anti - қарсы, onoma - атау) - бiр-бiрiне кереғар, қарсы 
мағынадағы сӛздер. Мысалы: ақ - қара, ұзын - қысқа, алыс-жақын, бар-жоқ, 
ӛмiр-ӛлiм, алғыс-қарғыс, ауыр-жеңiл т.б. 
Антонимдер сӛз ӛнерiнде де әдемi қолданылып ақынның айтар ойына 
нық түйiн, тұжырым, дәйек бола алады. Мысалы: 
Кӛңiлiм қайтты достан да , дұшпаннан да, 
Алдамаған кiм қалды тiрi жанда 
Алыс-жақын қазақтың бәрiн кӛрдiм 
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда 
немесе 
Күлемiн де жылаймын, Дәл осыны түсiнбес, 
Жылаймын да күлемiн. Адамдар бар не шара, 
Неге ғана бұлаймын Iшi қуыс сырты мес, 
Ӛзiм ғана бiлемiн
 
Тас бауырлы бейшара.
(Қ. Аманжолов) 
Туған тiлiм - тiрлiгiмнiң айғағы 
Тiлiм барда айтылар сыр ойдағы. 
Ӛссе тiлiм, мен де бiрге ӛсемiн, 
Ӛшсе тiлiм, мен де бiрге ӛшемiн.
(Ә.Тәжiбаев) 
Ақындар әрбiр ӛлең жолындағы антонимдiк қарама-қарсылықтар 
арқылы ӛздерiнiң кӛкейкестi сырларын, одан асса ӛмiрлiк ақиқаттарын 
оқырман санасына сiңiрiп отыр. 
Ендеше антоним – ӛмiр шындығын ӛнерде шынайылау тәсiлдерiнiң бiрi. 
Кей шығармалардың атының ӛзiнде антонимдiк қарама-қарсылық алыстан 
айғай салып, оқырманға шығарма мазмұнынан хабар берiп тұрады. Мысалы: 


40 
“Зұлымдық пен махаббат”, “Соғыс және бейбiтшiлiк”, “Қызыл мен қара”, 
“Ӛмiр мен ӛлiм”. 
Суреткердiң сӛз қорындағы бiр “алтын сандық” – архаизм (грекше 
archaios – ежелгi кӛне) – бүгiнде ескiрiп, әдеттегi қолданудан шығып бара 
жатқан, әсiресе ауызекi қолдануларда кездесе бермейтiн кӛне сӛздер. Оларға 
лингвистер онша үлкен мән бермегенiмен, әдебиетшiлер енжар қарай 
алмайды. 
Ӛйткенi әдебиет – әр халықтың кӛркем тарихы. Әдеби шығарма-ларда 
бүгiнгi ғана емес, байырғы тарихи шындықтар да кӛркем жинақталуы тиiс. 
Қазақ әдебиетiнiң жұртшылық мойындаған ең үздiк туындалары да тарихи 
тақырыптарға жазылған. Тарихи шығармаларды жазу үстiнде жазушы 
архаизмдердi орағытып кете алмайды. Мысалы, М.Әуезовтiң “Абай жолы” 
дәуiрнамасының екiншi кiтабы былай басталады: “Таң алдында бiр ғана сағат 
мызғығаны болмаса, Абай бұл түндi ұйқысыз ӛткiздi. Бiрақ әлi талған жоқ. 
Әлi де кiтап бетiне үңiлуде… Парсы, түрiк кiтаптары бұны Шираздың 
гүлзарына әкетедi, Самарқанның мазар, ғимараттарына қадалтады. Мәру, 
Мешћедтiң миуалы, бұлбұлды бақтарына, салқын, самал хауыздарына 
үңiлтедi. Ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Газна, Бағдаттың сарайларына, 
медреселерiне, кiтапханаларына тартады… Абайды бүгiн ӛзiне үңiлдiрген – 
жаңағы елдер мен уәлаяттардың дәл бүгiнгi кӛрiнiсi.”
Осы үзiндiдегi жекеленген гүлзар, мазар, хауыз, уалаят, т.б. сӛздердiң 
архаизмдер екенi белгiлi. Тарихи шығарманың авторы сол бiр ӛткен дәуiрдiң 
тарихи бiтiмiн, болмысын, ерекшелiгiн, тартымды ћәм нанымды кӛрсету 
үшiн тек сол тұстағы тiл бояуын қалпына келтiруге мiндеттi. Олай етпейiнше 
бүгiнгi оқырманға тарихи дәуiр тынысын таныту мүмкiн емес. Сондай-ақ 
суреткер архаизм сӛздердi нағыз орны табылып тұрған жағдайда бүгiнгi ӛмiр 
шындығын кӛрсететiн шығармаларын пайдалануына болады. Мысалы, ақын 
Т.Жароковтың “Күн тiл қатты” поэмасындағы:
Дулыға сыймас басыңа, 

 
Асау күн, келдiм қасыңа, – деген ӛлең жолдарындағы дулыға – 
архаизм сӛз. 
Ғарышты игеру ғасырының шындығын кӛрсетуге ақынның баяғының 
батырлары киетiн темiрден жасалған бас киiмдi күнге кигiзбек болуы 
жарасып-ақ тұр. Егер дулығының орнына автор бӛрiк сыймас немесе шляпа 
сыймас басыңа деп жазса, кiсi күлерлiк оспадарлық болар едi. Дулыға деген 
сӛз қазiр архаизмдiк сипаттан арылып, жаңарып келедi. Соңғы кезде ол 
орыстың каска деген сӛзiнiң қазақша баламасы ретiнде қолданылып жүр. 
Архаизмдердi тек қаламгерлер ғана бiлуi тиiс емес. Жалпы ӛз халқының 
тiлiн, әдебиетiн, мәдениетiн сүйетiн, тарихын қадiрлейтiн жұрттың бәрiне 
оны бiлуi керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет