38
Жазушы еңбегiне байланысты творчество азабы деген ұғым бар. Сол
азаптың ең үлкенi – суреткердiң сӛз үстiндегi қызметi. Шынында да,
Л.Тольстой
айтқандай, “миллион сӛз ойлап, соның тек бiрiн ғана таңдау –
қандай азап ”.
Әр сӛздiң тура мағынасымен қабат, бұрма мағынасы да бар. Бұрма
мағынадағы сӛзде
айрықша астар, юморлық, ирониялық сипат болады.
Кӛркем әдебиетте әр сӛздiң тура мағынасымен қатар, бұрма мағынасын
ұтымды қолдану шығарманың iшкi-тысқы ажарына ажар қосары даусыз.
Кӛркем сӛз – кӛрiктi ойдың кӛрiнiсi, құнды сӛз
құнарлы ойдан туады,
“Ойы нәрсiздiң тiлi де нәрсiз” (Л.Тольстой).
Сонымен кӛркем тiл жайы – әдебиет туралы ғылымның ең ӛзектi
мәселелерiнiң бiрi. Сӛз-халық қазынасы. Ӛмiр мен ӛлiм арпалысқа түскен,
сұрапыл соғыс кезiнде де 1942 жылы Анна Ахматова тiл, сӛз тағдырына
алаңдап былай деп жазды:
Қаусап қала, қаусап пана, қаусап бақ,
Қара ормансыз, шаңырақсыз қалсақ та.
Орыс сӛзi, сенi сақтап қалармыз,
Қалмаспыз бiз бас сауғалап, жан сақтап.
Мӛлдiр тiлдi қоя алмаспыз қан қылып,
Ұрпақ оны айтып жүрер ән қылып
Мәңгiлiк!
Р.Ғамзатов: “Егер ана тiлiм ертең ӛлетiн болса, мен бүгiн ӛлуге
даярмын!” – деп жазды.
Әдебиет – ардың iсi. Задында жазушы адам жаман жазуға арлануы тиiс.
М.Шолохов шын жазушы 100 сӛз жазса бiрде-бiр сӛзi жаман не орта болмай,
95-i ӛте жақсы, қалған 5-i жақсы болғанда ғана
ғасырымызбен бір дәрежеде
тұратын биiк шығарма туғыза алады. Кӛркем шығарманың тiлiн байыптауға
дәл осы тұрғыдан келу керек.
Достарыңызбен бөлісу: