°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет40/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Қайталау – оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсенi не 
құбылысты бiрнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға 
мұқият сiңiре түсу. 
Қайталаудың жай қайталау, еспе қайталау, әдепкi қайталау (анафора), 
кезектi қайталау (эпифора) түрлерi бар.
Жай қайталауда ақын ерекше мән бергiсi келген сӛзiне акцент жасап
бiрнеше жерде арнайы қайталайды. 


51 
Жалғанда табынатын тәңiрiм-табым. 
Табы жоқтың тәңiрi жоқ, күнi жарым. 
Табым десем, бұлақтай судан аққан, 
Ӛн бойымды шымырлап билейдi ағын. 
Еспе қайталауда ой мен сыр бiр түрлi есiле түйдектеп, еселенiп келедi 
де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана кӛшiп 
отырады. Мысалы: 
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! 
Ел қорыған мен едiм. 
Мен де айрылдым елiмнен, 
Кӛл қорыған сен едiң, 
Сен де айрылдың кӛлiңнен 
(Махамбет) 
Әдепкi қайталауда (анафора) ӛлеңнiң әр жолы немесе әрбір ой ағымы бiр 
сӛзден басталып отырады. Мысалы: 
Ұйқыдан соң, жапырақпын жаңбыр шайып жаңарған, 
Ұйқыдан соң, құспын ұшып, кӛлiне кеп дем алған. 
Ұйқыдан соң, кӛк айдынмын мӛлдiреген шайқалып, 
Ұйқыдан соң, ну орманмын желбiреген жайқалып. 
(С.Мәуленов) 
Кезектi қайталауда (эпифора) ӛлеңнiң әр жолының соңындағы немес 
әрбiр ой ағымының аяқ жанындағы бiр сӛз бiрнеше мәрте қайталанып 
отырады. Мысалы: 
Күншiлдерi ӛледi, Арғымақ ӛледi, 
Кӛңiлiн от қарып. Артында шаң қалып. 
Батырлар ӛледi, Ақындар ӛледi, 
Борышын атқарып Бәрiне таң қалып. 
(Қ.Мырзалиев) 
Шендестiру, яки антитеза (грекше antitesis-қарама-қарсылық) – бiр-
бiрiне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсi 
бӛлек нәрселердi ӛзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бiр 
құбылыстың, ұғымның, нәрсенiң суретiн, сыр-сипатын, кескiн-кейпiн 
анықтау, аңғару, елестету. Мысалы: 
Қара жерге қар жауар 
Қарды кӛр де, етiм кӛр. 
Қар үстiне қан тамар, 
Қанды кӛр де, бетiм кӛр. 
(“Ер Тарғын”) 
Бiреуi-кӛк, бiреуi-жер тағысы, 
Адам үшiн батысып қызыл қанға. 
Қар-аппақ, бүркiт-қара, түлкi-қызыл, 


52 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға 
(Абай) 
Бұлар шендестiрудiң үздiк үлгiлерi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет