63
кӛрсететiн күрделi жанр; кейiпкерлерiнiң диалогы мен монологына және
қимыл-әрекетiне негiзделетiн шым-шытырық шиеле-нiскен күрделi тартысқа
құрылатын әдебиеттiң тегi. Драманың классикалық үлгiлерiнде кӛлемдi
эпикалық шығармалардың сюжетiн-дегiдей басталуы мен байланысы,
шиелiнiсi мен шешiмi болатын бұл кезеңдер шебер қиыстырылып оқиғаны
ӛрбiту тәртiбi қатал сақталады. Оқиға қызу тартысқа құрылады, мейлiнше
шиелiнiстiрiп, шарықтау шегiне әбден жеткiзiп барып тынуы айрықша
қасиетi болып табылады. Бұл – жеке адамның ойлану сезiнуiн кӛрсететiн
лирикалық тәсiл мен тұтас бiр шиелiнiскен уақиғаны баян ететiн
эпикалық жанрға тән кӛркемдiк тәсiл қабысып, ұштасып жататын, сондай-
ақ дүниеге келгеннен театрмен бауырлас, телқоңыр, кiндiктес әдебиеттiң тегi.
Әдебиеттiң тектерi мен жанрлары туралы пiкiрлер
Лирика
В.Г. Белинский
«Бар адамды бiр адамның (ақынның) “қуанышымен қуантып,
қайғысымен қайғыртар, шаттығына бӛлеп, үмiтiмен тыныс татар, құлағымен
естiрiп, тiлiмен сӛйлетер” жанр. Ұлы ақын ӛзi туралы, ӛзiнiң жеке менi
туралы айтса, – жалпы жұрт туралы, бүкiл адам баласы туралы айтқаны;
ӛйткенi оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллi қасиеттiң бәрi бар
».
И.Сельвинский
«Әр ақынның ӛз пафосы бар. Сондай-ақ әр дәуiрдiң де ӛз пафосы
болмақ. Ақынның оты ӛз мезгiлiнiң жалынымен толық тоғысса, лапылдаған
жерден Шекспир, Гете, Пушкин шығады…»
Ә. Тәжiбаев
«Лирика тiлсiз түйсiктерге сӛз бередi, оларды тар кеуденiң қыспағынан
кӛркемдiк ӛнердiң таза самалына алып шығады да, ерекше ӛмiр сүргiзедi».
Достарыңызбен бөлісу: