7
дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте сыншыны жазушы мен оқырманның
екеуiне ортақ ара дәнекер десе де болар едi. Бiрақ бұл аз.
Сыншы – қалың оқырманның ӛскелең талабы мен талғамының
жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттiк мүдде тұрғысынан
пайымдайтын қоғамдық ой-пiкiрдiң озғын ӛкiлi. Әдеби сында кӛркем
шығарманы бағалаудың ӛзiндiк ӛлшемдерi бар. Кӛркемдiк
критерий әдеби
шығарманың кемшiлiгiн қазбалау емес, ол ең алдымен кӛркем шығарманың
бағалы жағын кӛре бiлу. Кез келген шығармадан кемшiлiк табу оңай. Оның
поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенiн анықтау бәрiнен қиын.
Бұл сыншының берiк принципiн, зор мәдениетiн, нәзiк түсiнiгiн, ӛрелi ойын,
терең бiлiмiн, биiк талғамын керек етедi. Белинскийдiң айтуынша “сыншы
таланты – сирек талант, сыншы жолы – тайғақ һәм қатерлi жол” да, шын
мәнiндегi әдеби “сын – қимыл, қозғалыс үстiндегi эстетика”. Эстетика
қоғамдағы кӛркемдiк даму тәжiрибесiнiң теориялық жинақталуы.
Жұртшылық әдебиет сынын осындай iрi талап биiгiнен кӛргiсi келедi.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негiзгi үш
саласы
(теориясы, тарихы, сыны) ӛзара тығыз бiрлiкте болады. Әдебиеттiң
теориясын нәзiк түсiнбей тұрып, тарихы жайлы әңгiме қозғау; тарихын
бiлмей тұрып, сынын ӛрбiту мүмкiн емес. Шын мәнiндегi әдебиетшi осының
үшеуiне де жетiк болуы шарт. Мұндай әдебиетшiлiктiң озық үлгiлерiн
орыстың
революционер-демократ
ойшылдары
В.Г.Белинский,
Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б кӛрсеткенi мәлiм: олар әдебиеттiң
данышпан
сыншылары ғана емес, тамаша тарихшылары және терең
теоретиктерi де бола бiлдi. Ғұлама әдебиетшiлер әдебиет туралы ғылымның
әлгiдей үш саласын бiлумен шектелмей, сондай-ақ ойшыл, философ,
толғамды тарихшы, саясатшы, әлеуметтанушы, этик болуы да шарт.
Достарыңызбен бөлісу: