21
бiр халықтың ӛзiндiк ӛзгеше бiтiмiн, мiнезiн танытып, оларға ӛмiрдiң тың
құпиясын ашып бере алады.
“Әдебиет – ықшамдалған әлем” (Салтыков-Щедрин) болса, әдеби
шығарма – сол нұрлы дүниенiң сырлы бӛлегi. Ол - ӛмiрдiң ӛзi секiлдi
күрделi, бұралаңы кӛп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.
“Шұғаның белгiсi”, “Еңлiк-Кебек”, “Сұлушаш”… осы шығармаларды
оқыған сайын бұрын байқамаған жаңа, соны сыр ұққандай боламыз. Шынайы
ӛнер туындысы оқырманға осылай әсер етедi.
“Кӛркем шығарманы жазу – әрқашан пiшiн жағынан ӛнер табу, мазмұн
жағынан жаңалық ашу” – дейдi Л.Леонов.
Абайдың
“Ӛлеңге әркiмнiң-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Iшi-алтын, сырты-күмiс сӛз жақсысын,
Қазақтың келiстiрер қай баласы,” – деген немесе:
Сылдырап ӛңкей келiсiм,
Тас бұлақтың суындай… – деген сӛздерiнде аса терең
мағына бар.
Шынайы ӛнер туындысының айрықша асыл қасиетiн, сыртқы түрi мен
iшкi сырының тамаша үндестiгiн осыдан артық дәл тауып айту қиын.
Әдебиеттегi мазмұн мен пiшiннiң бiрлiгi дегеннiң ӛзi де осы.
Достарыңызбен бөлісу: