°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет3/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Студенттерге қойылатын талаптар 
Әдебиеттану ғылымына кiрiспе пәнiнiң бағдарламасында студенттерге 
әдебиет теориясының негiздерiнен жан-жақты терең бiлiм беру
қарастырылған. Соған байланысты студенттердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне 
мынадай талаптар қойылады: 
- әдебиеттiң қоғамдық сананың айрықша түрi ӛнер туындысы ретiндегi 
ерекшелiктерi мен ӛзгешелiктерiн; 
- сӛз ӛнерi жайлы ғылымның негiзгi және қосалқы салаларын, олардың 
әрқайсысының зерттеу нысаналарын; 
- әдеби характер, тип, кӛркем образ, оның кӛркемдiк әдiс, әдеби тек, 
жасалу тәсiлдерi тұрғысынан қарағандағы түрлерiн, олардың бiр-бiрiнен 
ӛзгешелiктерiн; 
- кӛркем әдебиеттегi тақырып пен идея (негiзгi тақырыптар мен қосалқы 
тақырыптар, лейтмотив, тенденция, авторлық идея). Мазмұн мен түр (пiшiн), 
олардың ара-қатынасын; сюжет пен композиция, олардың кезеңдерiн, 
сюжеттен тыс элементтердi; 
- тiл байлығының қайнар кӛздерiн, оның әр алуан бейнелеуiш және 
суреттеме құралдарын; 
- әдебиеттiң тегi мен жанрларын, олардың әр алуан тарихи кезеңдердегi 
және қазiргi дәуiрдегi түрлерiн; 
- әдеби стиль, ағым және кӛркемдiк әдiстердi; 
- ӛлең сӛздiң ерекшелiктерiн, әлем әдебиетiндегi әр алуан ӛлең 
жүйелерiн, қазақ ӛлеңiнiң табиғатын, поэзиялық қасиетiн терең әрi жан-
жақты бiлу; 
Әдебиет теориясының негiзгi қағидаларын қолдана отырып, кез келген 
кӛркем шығармаға заман талабы, халық, мемлекет мүддесi тұрғысынан терең 
ғылыми-теориялық талдау жасау талап етiледi.
 
 
 
 
 
 
 
 



 
ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ 
 
I тақырып. ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМНЫҢ 
НЕГIЗГI ЖӘНЕ ЖАНАМА САЛАЛАРЫ 
1. 
Әдебиеттану ғылымының негiзгi салалары. Әдебиет тарихы, әдебиет 
сыны, әдебиет теориясының объектiсi, мақсат-мiндеттерi. 
2. 
Әдебиеттану ғылымының мәтінтану, тарихнама, библиография секiлдi 
жанама тараулары, олардың ғылымдық мәнi 
3. 
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихына шолу. 
4. 
Әдебиет, ӛнер туралы ғылымның даму тарихында маркстiк-лениндiк 
эстетика мен әдебиет теориясының маңызы және оған қазiргi кӛзқарас. 
Әдебиеттану – сӛз ӛнерiн, әдебиеттi зерттейтiн ғылым. Әдебиет жоқ 
жерде әдебиет туралы ғылым болмайды. Ол кӛркем сӛздiң табиғатын, пайда 
болуын, тарихи-әдеби процестi әдебиет дамуының заңдылық-тарын, кӛркем 
әдебиеттi тудырушы қаламгерлердiң шығармашылық ғұмырнамасын 
зерттейдi. Әдебиеттану ғылымы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, 
әдебиет сыны деп аталатын салалардан тұрады. Бұл – кӛркем сӛз ӛнерiнiң 
қоғам тарихымен байланысты даму заңдылық-тарын қарастыратын 
филологиялық ғылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет