°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

 
Бақылау сҧрақтары: 
1. 
Әдебиет сӛз ӛнерi дегендi қалай түсiнесiз? 
2. 
Әдебиеттiң сӛз ӛнерi ретiнде ӛнердiң басқа түрлерiмен арақатынасы 
қандай? 
3. 
Әдебиеттiң объектiсi ӛмiр, предметi адам дегендi қалай түсiнесiз? 


17 
4. 
Кӛрнектi қалам қайраткерлерiнiң сӛз ӛнерi туралы айтқан пiкiрлерiне 
сипаттама берiңiз. 
 
 
III тақырып. ӘДЕБИЕТТIҢ ХАЛЫҚТЫҒЫ 
1. 
Ӛнер және қоғамдық шындық. Суреткердiң қоғамдық ӛмiрге қарым-
қатынасы. 
2. 
Әдебиеттiң халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. 
3. 
В.Г.Белинскийдiң әдебиеттiң халықтығы үшiн күресi. 
4. 
М.Әуезов Абайдың халықтығы жӛнiнде
5. 
Кеңестiк әдебиеттану ғылымы ӛнердiң, әдебиеттiң халықтығы туралы 
мәселеге бүгiнгi кӛзқарас. 
Әдебиет – ақиқат ӛмiрдiң сырлы суретi, халықтың кӛркем тарихы. 
Бiрақ ол ӛмiрдiң кӛшiрмесi емес. Ӛмiрде не болса, соның бәрi кӛркем 
шығармаға ӛзек оқиға болып ене бермейдi. Жазушы ӛмiрдегi сан алуан 
шындықтан ӛзiнiң суреткерлiк мақсатына керегiн ғана таңдап алып, 
шығармасына арқау етедi. 
Қаламгер ӛмiр құбылыстарын ӛзi ӛмiр сүрiп отырған қоғамдық орта 
белгiлеген дүниетанымы мен әлеуметтiк кӛзқарас тұрғысынан саралайды. 
Таптық қоғамда тiршiлiк еткен жазушының кӛзқарастарында таптық сипат 
болады. Ӛйткенi әдебиетшi “қоғамда ӛмiр сүре отырып, қоғамнан тысқары 
бола алмайды” (Ленин). Ол ӛзi қаласын, қаламасын – бәрiбiр белгiлi бiр 
“таптың кӛзi, құлағы мен үнi” (Горький). Осы мәселеде бiр-бiрiне кереғар 
түсiнiк бар.
Бiрi – әдебиеттiң таптығын жоққа шығару. Олардың айтуынша 
әдебиет тiршiлiк “күйбеңдерiнен” биiк, тұрмыстан аулақ, саясаттан тыс, 
“ӛнер ӛнер үшiн ғана” болуы тиiс. Ӛмiр кӛрiксiз нәрсе. Ал әдебиет – әдемi 
зат. Әдебиеттiң мақсаты - ӛмiрдiң әлгi бiр олқылығының орнын толтыру. 
Бұны әдебиеттiң қоғамдық қызметiн жоққа шығару деп Белинский кезiнде 
қатал сынаған болатын. Ӛйткенi әдебиет қоғамдық мақсатқа қызмет етедi.
Сондай-ақ В.Г.Белинский “ӛнер ӛнер үшiн” дегеннiң жалған екенiн 
дәлелдеп: “Қазiргi шындыққа сәуле түсiрмеген кез келген поэзия ерiккеннiң 
ермегi, қуыршақ ойнау қуыс кеуде кiсiлердiң iсi”, – деп атап кӛрсеттi. 
Екiншiсi – бiрiншiге қарама-қарсы – әдебиеттiң таптығы дегендi тым 
саяз, шолақ түсiну, жалаң, жайдақ уағыздау. Бұндай ұғымдағылар әдебиеттi 
де, әдеби шығарманы да эстетикалық табиғаты мен кӛркемдiк қасиетiнен 
жұрдай ғып, жалаң идеяға жаршы етiп қояды. Бұл – тұрпайы социология. 
Мұның зияны да жоғарыда айтқандай, кертартпа идеалистерден кем емес. 
1953 жылы М.Әуезовтiң “Абай” романы хақында” деген мақалада ұлы 
жазушыға тағылмаған айып қалмады, классикалық эпопеяның “тас-талқаны” 
шығарылды. Онда, ең жеңiлi, Абай неге “бай-феодал жастарының ортасында, 
мақсатсыз, қарекетсiз, уақытын босқа ӛткiзiп жүр”, “бай ауылдың 
молшылығы, Бӛжейдiң асы неге кӛркем суреттелген”, “ескi ауылдың 
қыздары ылғи сұлу болатыны несi” деген секiлдi тiптi сын кӛтермейтiн “сын 


18 
пiкiрлерi” тiзбектеле келiп, ақыр аяғында “М.Әуезов революцияға дейiнгi 
қазақ ауылындағы тап қайшылығының тiгiсiн жатқызып… бүркемелеп 
кӛрсеттi”, – деген байлау жасалды. “Бiр-бiрiне ӛзара жауығып жүрген әр 
түрлi рулар ғана, күрес кедейлер мен байлар арасында емес, рулар арасында 
жүрiп жатады”. 
Бұл – барып тұрған солақай сыңаржақ пiкiр. XIX ғ. шындығын 
суреттеп отырған М. Әуезов аталған романда ру мен ру арасындағы 
қайшылықтар мен тартыстарды кӛрсетпегенде ненi кӛрсетуi тиiс. Қолдан 
баррикада жасап, бiр жағына капиталистердi, бiр жағына пролетариатты 
қойып, оларды ӛзара ашық шайқасқа кӛшiрсе кiм сенедi? XIX ғасырда қазақ 
даласында сондай шындық болды ма? 
Кеңестiк дәуiрде етек алған тұрпайы социологиялық таным әдебиеттiң 
таптығын бұлжымас заң еттi. Кеңес жазушылары осы заң шеңберiнен 
шықпауға тиiс болды. Бұл заң уақыт ӛте келе заңсыздыққа айналды. 
Шеңберге сыймағандар кеңес жазушылары қатарынан аласталып, қуғын-
сүргiнге түстi. Жоғарыда М. Әуезовтiң оның шығармасының тағдыры туралы 
айтылған әңгiме бұл сӛзiмiзге нақты дәлел бола алады. Бұл жалғыз 
М.Әуезовтiң басындағы ғана жағдай емес, оның қаламдас аға-iнiлерi мен 
замандастары А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, 
М.Дулатовтың т.б. қаламгерлердiң басынан ӛткен зобалаң болатын.
Бүгiнгi “жаңаша ойлау” заманында “әдебиеттiң таптығы” деген ұғым 
творчествоның еркiндiгiне тұсау ретiнде күн тәртiбiнен алынып тасталды. 
“Әдебиеттiң партиялылығы” деген де осы әдебиеттiң таптығына жақын 
тiптi содан туындайтын ұғым. Әдебиеттiң тұтас бiр таптың мүддесiн кӛздеуiн 
былай қойып белгiлi бiр топтың мүддесiн кӛздеуi әдебиеттiң партиялылығы 
деген ұғымға саяды. 
Сондықтан да бiздiң әдебиеттануда әдебиеттiң партиялылығы 
әдебиеттiң таптығының жоғарғы түрi деп танылып, екеуi ӛзара тығыз 
байланыста зерттелiп және зерделенiп келдi. Бұл теория iс жүзiнде кеңес 
әдебиетi мен әдебиеттануының туу және қалыптасу барысында XX 
ғасырдағы жүз жылдық тарихының негiзiне iргетас боп қаланып, кеңес 
халқының күллi кӛркемдiк дамуына қозғаушы күш ретiнде қаралды. 
Қазiргi заман да жаңа, қоғам да жаңа. Дәуiр ӛзгердi: кеңес үкiметi 
ыдырады, оның бiрден-бiр бастаушысы коммунистiк партия бүгiнде бiреу 
емес, кӛп партияның бiрi болып қалды. Жазушының кезiнде Сталиннiң “адам 
жанының инженерi” деген атауымен келiсуге болар, бiрақ Хрущевтiң “партия 
кӛмекшiсi” немесе “қолқанаты” деген үстiрт ұғымымен келiсуге болмайды. 
Коммунист партиясының қоғамдағы жетекшiлiк рӛлi солғындаған соң оның 
әдеби процестi бақылауы, кӛбiне тiптi басқаруы да, күн тәртiбiнен түсiрiлдi. 
Цензура жоқ. “Партиялық тапсырма” да жоғалды. Әдеби шығарманың 
тақырыбы әр суреткердiң таңдауына, танымы мен талғамына лайық болса, 
идеясы маркстiк-лениндiк идеологияға сай болуы шарт емес. 
Әдебиет – партиялық iс емес, таза ардың iсi, әрбiр туындының қадiр-
қасиетi, идеялық құны оның кӛркемдiгiне, тек қана кӛркемдiгiне, сол 


19 
кӛркемдiк деңгейiн белгiлейтiн қаламгердiң суреткерлiк шеберлiгiне ғана 
байланысты.
Мынаны ескеру керек: жарық дүниеде ӛмiр бар да ӛнер бар. Ӛмiр 
ӛнерге кӛшкенде ғана ӛмiр, әйтпесе ол – бүгiн бар, ертең жоқ уақытша пенде 
секiлдi ӛткiншi. Ал ӛнер мәңгiлiк! 
Iлгерiшiл әдебиет пен ӛнер әрқашан ӛмiрдiң мектебi, шындықтың 
шежiресi, болашақтың болжаушысы.
Ӛнердiң кәусар туындысы халық ӛмiрiнiң терең және мӛлдiр 
қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың ӛзiнiң рухани сусынына 
айналады. Шын мәнiндегi ӛнерде халық даналығының таңбасы жатады. 
Ӛнердiң жасампаз күшi де оның халықтан туған, халық қажетiне жарауында 
жатыр. Жер бетiнде халық бар болатын болса, халық ӛмiрiмен бiте қайнаған, 
халық мақсатына қалтқысыз қызмет ететiн ӛнер де болады. Әдебиет пен 
ӛнердiң халықтығын осы тұрғыдан таныған жӛн. 
Халықтық деген ұғымды тұңғыш рет XIX ғасырдың бас жағында 
П.А.Вяземский ұсынды. Халықтық деген ұғым туралы пiкiрлер әр қилы 
болып келдi. Оны тұрлаулы түсiнiк ретiнде қалыптастырған В.Г.Белинский 
болды. Оның түсiнiгiнше, әдебиеттiң ӛзi бәрiнен бұрын “халық санасы”, 
“халық рухы”. Халықтық – әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан 
түсiнiк. 
Халықтық сипат ең алдымен белгiлi бiр кӛркем шығармада бүкiл 
халықтық мәнi бар мәселенiң кӛтерiлуiнде жатады. Мысалы, Абай ӛз 
шығармаларында туған халқының, сол халық ӛмiр сүрген заманының ең 
келелi мәселелерiн кӛтерiп отырды. Ұлы ақын ӛзi ӛмiр сүрген қоғамдық 
ортадағы керенаулық пен кеселдi, надандықты, оспадарлық пен опасыздықты 
сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнiң дағдарысын кӛрсеттi. Бұның 
ӛзi бүкiл халықтық күрделi мәселе болатын. 
Халықтықтың екiншi шарты – кӛркем шығармада кӛтерiлген келелi 
мәселенi халық мүддесiне сай шешу. ¦лы Абай ӛзiнiң барлық шығармалары 
арқылы оқушы жұртты алға, арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. 
Жамандықтан жирендiрiп, жақсылыққа сүйiндiре келе биiк мұратқа мегзедi.
Халықтықтың үшiншi шарты – кӛркем шығарманың халыққа жетiмдi, 
түсiнiктi болуы. Талант неғұрлым iрi болса, соғұрлым қарапайым, кӛркем 
шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұғынықты болатыны мәлiм. 
Әдебиеттiң халықтығы – тарихи категория. Прогресшiл адамзаттың 
жалпы кӛркемдiк даму тарихының әр кезеңiнде бұл ұғым әр сипатта болды. 
Мұны бiр тұста Пушкин де ескерткен: “Бiрқыдыру уақыттан берi бiздiң 
арамызда халықтық жайлы сӛз қозғау, халықтықты талап ету, халықтықтың 
жоқтығына қынжылу әдетке айналды. Бiрақ халықтық деген сӛздiң мағынасы 
не? Оны анықтау ешкiмнiң ойына келмей жүр.” 
Сонымен, әдебиеттiң халықтығы – оның халықтық iрi мәселелердi 
халық мүддесiне сай шешiп халыққа жетiмдi жинақтап жеткiзу. 
М. Әуезов Абайдың халықтығы жӛнiнде былай дейдi: Ұлттық және 
бүкiл адамзаттық мәдениеттiң үш түрлi мол арнасы данышпан ақынның 
творчестволық iсiне рухани азық болды. Абайдың бүкiл ой-қиялына, 


20 
әлеуметтiк, ақындық iсiне дем берiп, шапағатты нәр алған арнаның бiрi – 
халықтың ӛзi жасаған, ауыздан-ауызға тараған, баспа жүзiнде сақталып 
келген қазақтың баяғы замандағы халық мәдениетiнiң бай мұрасы. Абай 
ӛзiнiң ақындық творчествосында ӛз халқының осындай асыл қазынасын 
толық пайдаланды, оған түр енгiзiп, жаңа бағыт берiп, осының арқасында ӛз 
поэзиясын байытып, дамыта түстi. 
З. Ахметов кӛркем әдебиеттiң бастау кӛзi-халықтың сонау ерте 
дәуiрлерде шығарған ӛлең жырлары, мақал–мәтелдерi, нақыл сӛздерi, аңыз 
ертегiлер екендiгiн айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет