Бұл жерде: Әдістемелік жүйе {Мақсат ,мазмұн, әдіс, сабақ түрі, құралдар}Дпр {Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}
Тқ Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгеруін талап етеді.
Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады
Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);
Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Түз.ж. –түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Басқ . –педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін -өзі басқарады)
Жалпы , педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті- оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс -әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.
Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.
Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек , біздің жағдайымыздағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы-мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгеруді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек
Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда –оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет [29].
Қалайша ?!
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші- оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.
Біздің педагогикалық техналогияны құруға қажетті тұжырымдама, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған, «ойлау барысында ойлау берік объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық негіз бар»-деген ойыннан алынған. Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.
Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория
Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы «актуальды даму»аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей- «міндетті, оқушылық», екінші –алгоритмдік, үшінші-эвристикалық және төртінші –шығармашылықдеңгейлердегі қабылдау [4].
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. Әңгімелесуші –оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады.