Зат есім дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Зат есімдерге кім? Не? Кімдер ? нелер? деген сұрақтар қойылады.
2.Зат есім нешеге бөлінеді?
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
1.Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
(ана, жер, көз).
2.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Мысалы :іскер , байлық, кезекші.
Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулары дейміз.Тәуелдік жалғаулары 2–жақта : жекеше , көпше.
Зат есімнің тәуелденуі.
I – жақ -ж - м -ым -ім I-жақ - мыз міз, ымыз, іміз
II- жақ -ж, - ң, -ың, -ің II - жақ -ың,- ің
-ңыз,- ңіз -ыңыз,- іңіз
III-жақ -ж, -сы, -сі,-ы, -і III – жақ -ы, -і
Балалар бәріңнің де өткен сабақты жақсы түсініп, меңгергендерің көрініп тұр. Жақсы.
Енді балалар жұмысты оқулықпен жүргіземіз.
Оқулықтағы 326 – жаттығуға қарайық.
Өлеңді оқытып, ауызша талдатамын.
Отынды да жарамын,
Дүкенге де барамын.
Үлкендерге ослай
Мен қолғанат боламын.
Ә.Асылбеков.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, олардың қай сөз табы екенін айтқызамын.
327- жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазғызамын.Астын сыздырамын.
Мал өрістен келді . Апам биелерді сауды. Ол биелердің сүтінен қымыз ашытты. Біз қымыз іштік. Қымыз денсаулыққа пайдалы.
-Қымыздың денсаулығы жоқ кісілерге емдік қасиеті бар. Біз оны дүниетану сабағынан танысып білгенбіз.
-Осы қымыз қайда ашытылып , қайдан алынып келінеді?
-Ауылдан.
-Ал маған кім айтады 2003-2005 жылы Қазақстан Республикасында қандай жыл болып жарияланды?
-2003-2005 жылдар ауыл жылы болып жарияланды.
-Ауылға байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
1.Шұғылалы таңымыз 2. Ауыл жері сәніміз
Ауыл жері – бағымыз Мәуесі мал бағымыз.
Қайнарына мөп- мөлдір, Саясында жетілер,
Сусындайды жанымыз. Балдай бала шағымыз.
3.Жүрегімнің лүпілі 4. Гүлденсе біздің аулымз
Сағындырды ауылды Гүлденеміз бәріміз
Ауылдағы қарттарым Ауылменен әрқашан
Түзетер біздің қауымды Кіреді біздің сәніміз.
328 – жаттығу .
Өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Төскейден жел еседі,
Төменнен бұлт көшді,
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
1.Өлеңді жатқа дәптерге жаздырамын.
2.Етістікті тапқызып олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызамын.
Достарыңызбен бөлісу: |