Деңгейлік тапсырмалар жинағы



бет30/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Үшінші бөлім. С1.

  1. Дарвин мен Ж.б.Ламарк өмір сүрген кездегі биологияның негізгі мәселесі не болды?

  2. Галапогосс аралында таушымшықтың тұмсықтары әртүрлі бірнеше түрі тіршілік етеді, оның себебі неде?

  3. Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипатын мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.

С2. Дұрыс тұжырымды көрсет: Ламарктің эволюциялық көзқарастарымен сәйкес келетін тұжырымды таңда: А) Пілдер қорегін алу үшін үнемі үстіңгі тұмсығын созған. Ол белгі ұрпағына берілді. Осылай пілдің ұзын тұмсығы пайда болды; В) Көптеген пілдердің арасында тұмсықтары әртүрлі ұзындықты пілдер болды тұмсықтары ұзынырақ пілдер өзіне қоректі жақсы тауып, ұрпағына сол белгіні берді. Осылай пілдің ұзын тұмсықты түрлері пайда болды; С) Пілді де, адамдар сияқты құдай жаратты, сондықтан барлық пілдер ұзын тұмсықты; Д) Пілдер басқа ағзалар сияқты мүлтіксіз өмірге ұмтылады. Сондықтан пілдер тұмсығын жаттықтырған, нәтижесінде пілдің тұмсығы ұзарып, ол белгі тұқым қуалаған.


12-тақырып. Микроэволюция және макроэволюция.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Салыстырмалы анатомия зерттейді:

а) өсімдіктер мен жануарлардың жүйелік топқа біріктіруді;
в) тірі организмдердің қалдықтары мен Жер бетінде таралуын;
с) әртүрлі жүйелік топтардың ұқсас және айырмашылық белгілерін;
д) организмдердің ұрықтық дамуын.

  1. Аналогиялық мүшелер:

а) шығу тегі,құрылысы және қызметтері әртүрлі.
в) шығу тегі бір, құрылысы және қызметі ұқсас;
с) құрылысы және шығу тегі әртүрлі,бірақ атқаратын қызметі бірдей;
д) құрылысы және шығу тегі бірдей, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі.

  1. Рудименттер:

а) арғы ата тегіне тән белгілер; в) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан белгілер; с) басқы қызметін күшейтіп, даму сатысындағы белгілер;
д) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан және даму сатысындағы белгілер.

  1. Түрдің қай критерийі маңызды:

а) экологиялық; в) генетикалық; с) морфологиялық; д) географиялық.

  1. Қандай процесс биологиялық регресске жатады:

а) түрлер санының артуы; в) түрлердің таралу аймағының ұлғаюы; с) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің артуы; д) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің кемеюі.

  1. Қандай процесс араморфозға жатпайды:

а) жылықандылықтың пайда болуы; в) өсімдіктерде тұқымның пайда болуы;
с) паразит құрттардың ас қорыту мүшелерінің жойылуы; д) миының пайда болуы.

  1. Экологиялық түртүзіліс:

а) жыртқыштар отряды арасында; в) жұптұяқтылар отряды арасында;
с) бақалар арасында; д) паразиттік таспа құрттар арасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет