І деңгей Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талда, тиісті сызықтармен сыз.
Балапан ауладан дән тауып алды. 2. Дулат пен Индира мектепке қарай асығып барады. 3. Нұрила апасына тез бауыр басты. 4. Самал қуыршаққа көйлек тікті. 5. Серік доп ойнады. 6. Бағдат досына хат жазды.
ІІ деңгей Көп нүктенің орнына баяндауыш болатын сөздерді қойып жазу. Сөйлемнен тек қана тұрлаулы мүшелерді табу.
Сәкен табиғат көрінісі бейнеленген үлкен суретті ... . 2. Мая теледидардан қызық кино ... . 3. Шоқанның аты бәйгеден бірінші болып ... . 4. Даяна апасына бақшаның шөбін ... . 5. Дидар мен Думан көлеңкеде ... .